Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2024
Аграрлы өңірдің әуелгі табыс көзі жерден бастау алады. Тәтті түбірден бастап, мал шаруашылығы, туризм және өндіріспен айналысуға бейіл кәсіпкерлер артық жерге қол жеткізе алмай жүр. Сондықтан жерге конкурсты ашық әрі әділ өткізу үшін өңірде «Заң бойынша жер» қанатқақты жобасы қолға алынбақ. Бұл жерде әрбір кәсіп иесі құжаттарды онлайн тапсырып, байқауды сырттан бақылап отырады.
Қоғам • 18 Қыркүйек, 2024
2025 жылға дейін еліміздің барлық банкі бірыңғай QR-код төлем жүйесіне көшеді. Ол кезде он шақты POS-терминал ұстап, әр терминалды жеке-жеке пайдалану қажеттілігі жойылады. Яғни қай банктің клиенті болсақ та, кез келген жерде төлем жасай аламыз.
Шаруашылық • 18 Қыркүйек, 2024
Жүгері шаруашылығының келешегі қандай?
Бүгінде қала базарына барған сайын жүгері дәнін арнаулы аппаратқа салып пісіріп, оны таңсық көретін бала-шағаға сатып пайда тауып тұрған адамдарды көріп жүрміз. Сондайда бала кезімізде көкөніс өсіруді білмейтін ауылымыздың маңында жазғытұрым көкке бойлап, жайқалып өсіп тұратын, кеңшардың ірі қарасының қысқы азығына арналған жүгері алқабына барып, сап-сары болып піскен собықты үзіп алып, дәмді дәнін жеп мәз болатынымыз еске түседі. Осы дәрумені көп, денсаулыққа пайдалы өсімдікті бағалай алып жүрміз бе?
Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2024
Мал шаруашылығын күнкөріс көзіне айналдырған Аспантау аясының жұртшылығына қазір шөп шауып, астық ору науқанының қызып тұрған шағы. Биыл жауын-шашынның мол түсуінің арқасында шөп құнарлы шыққанын айтады шаруалар. Қыстың қамын жаз ойлауға кіріскен шаруалар да шалғы сырылын үдетіп, салған шөмелелері мен бауланған шөптері қаздай тізіліп жатыр. Соның бірі Тасашы ауылдық округіне қарасты Сарыкөл елді мекеніндегі «Нұрқанат» шаруа қожалығының да жұмысы қарқын алған.
Білім • 18 Қыркүйек, 2024
Университеттер арасындағы ынтымақтастық артып келеді
Биылғы шілде айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Сол сапардың аясында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті мен Қытайдың ауыл шаруашылығы және орман технологиясына маманданған Солтүстік-Батыс университеттері арасында Қазақстан-Қытай ауыл шаруашылығы ғылымы және білім беру орталығын бірлесіп құру туралы келісім жасалды. Қазір екі тарап жағынан бұл бағыттағы жұмыс басталды. Орталықтың ашылуы – бизнеске, ғылымға және басқа да салалардың дамуына жол ашары даусыз.