Аймақтар • Бүгін, 08:35

Жер конкурсы онлайн жүреді

33 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Аграрлы өңірдің әуелгі табыс көзі жерден бастау алады. Тәтті түбірден бастап, мал шаруашылығы, туризм және өндіріспен айналысуға бейіл кәсіпкерлер артық жерге қол жеткізе алмай жүр. Сондықтан жерге конкурсты ашық әрі әділ өткізу үшін өңірде «Заң бойынша жер» қанатқақты жоба­сы қолға алынбақ. Бұл жерде әрбір кәсіп иесі құжаттарды онлайн тапсырып, байқауды сырттан бақылап отырады.

Жер конкурсы онлайн жүреді

Суретті түсірген – Жеңіс ЫСҚАБАЙ

Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауында жер ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тартудың бас­ты кепілі екенін, оны тиімді пайдаланудың маңызын ерекше атап өткен еді. Осы орайда Жетісу облысында «Заң бойынша жер» қанатқақты жобасы іске асырыла бастайды. Ауыл шаруашылығы жерлерін бөлудің барлық үдерісі цифрландырылған бұл жобаны әділдік пен ашықтықты қам­та­масыз ету мақсатында облыстық прокуратура жер қатынастары басқармасы бірлесіп қолға алған.

Жоба республикада бірінші болып алдағы қараша айында Сар­қан ауданында жүзеге асы­рыл­мақ­шы. Ол өз тиімділігін көр­сетсе, келесі жылдан бас­тап барлық ел аумағында іске қо­сылады деп жоспарланған. Осы ретте Жетісу облыстық Жер қаты­настары басқармасының басшысы Ермек Әпеков қанат­қақты режім­дегі конкурсты өткізудің ерек­ше­лік­тері ­туралы кеңінен түсіндіріп берді.

«Жергілікті жерде кемі 5 жыл тұрған азаматтар мен кәсібін бастағанына үш жылдан аспа­ған кәсіпкерлерге артықшылық беріледі. Оған қоса егістік жерлер үшін техникаларының қуат­тылығы, жайылым жерлер үшін мал басының саны, соның ішін­де техника мен малдың кемін­де 12 ай бұрын тіркелгендігі есепке алынады. Тіпті шаруа­шы­лықтағы қызметкерлер саны, олардың зейнетақы мен салық аударымдарының болуы да еске­ріледі. Осының бәріне белгілі деңгейде ұпай беріледі. Бұл түп­теп келгенде ауыл шаруашылы­ғын тиімді дамытуға бағытталып отыр», дейді Е.Әпеков.

ыв

Басқарма басшысының айтуынша, электронды кон­курс­тың өткізілу үдерісіне жер­гілікті атқарушы органның қыз­мет­керлері қатыспайды. Сондай-ақ онда бұрынғыдай инвестиция көлемі ескерілмейді. Оған қоса ірі жер көлемінің бір қолда шоғырлануына да жол бермеу қарастырылған. Сондай-ақ кон­курсқа қатысушылар түрлі анықтама мен құжат жинап әуреленбейді, себебі цифрлық жүйе Ауыл шаруашылығы, Әділет, Қаржы, Еңбек және ха­лық­ты әлеуметтік қорғау министр­ліктерінің деректер база­сымен интеграцияланған.

Қазіргі қолданыстағы конкурс тікелей комиссия мүшелері­нің қатысуымен, яғни адам қолымен атқарылатындықтан, онда жем­қорлық тәуекелдері жоқ дей алмаймыз дейді облыстық проку­ратура өкіл­дері. Олар талдау барысында ауыл шаруашылығы жерлерін бөлу мәселесі қоғамда жиі көте­рілетінін анықтаған.

«Бұл орайда біз Жер қаты­нас­тары басқармасымен бірігіп, конкурс өткізудің цифрлық жүйесі жобасына кірістік. Бұл жерді бөлудің ескірген тәсілінен бас тартып, оны толық автоматтанды­руға қол жеткізуге бағытталған. Конкурсқа рейтингтік-балдық жүйе енгізіліп, оның қорытын­дысы адамның қатысуынсыз бірден жарияланады. Бұл енгізілген жаңашылдық жемқорлықтың алдын алуға, бизнесін жаңа бас­та­ған және әлеуметтік бағыт­тағы кәсіпкерлерді қолдауға, бизнес өкілдерінің өз ісін ашық жүргізуін ынталандыруға, шаруа қожалықтарында істейтін жұ­мыс­шылардың құқығын қор­ғауға оң ықпалын тигізеді деген сеніміміз бар», деді облыстық про­­куратураның Қоғамдық мүд­­делерді қорғау басқармасы бас­ты­ғының орынбасары Б.Ерұзақов.

Атап өтсек, Жер кодексіне сәйкес облыста нысаналы мақ­са­­ты мен пайдаланылу режімi бо­­йынша жер аумағы 7 са­натқа то­лық­қанды бөлінген ал­ғаш­қы аймақ Сарқан ауданы бол­ған­дықтан, қанатқақты жобаға қа­ты­су­шы ретінде таңдалынып отыр. Жерді аумақтарға бөлу қазір тағы 4 ауданда – Ақсу, Көксу, Ескелді, Кербұлақ аудандарында жүргізіліп жатыр.

Жетісу облысында жыл басынан бері жер бөлуге қатысты 28 конкурс өткізілген. Оған 659 адам қатысып, оларға 84 мың гектардан астам жер бөлініп берілген.

 

Жетісу облысы 

Соңғы жаңалықтар

Уәдеде тұрған Үкімет

Аймақтар • Бүгін, 09:33

Тарих және шындық

Пікір • Бүгін, 09:17

ОРК дайындықты пысықтады

Референдум • Бүгін, 09:05

Жеңілдіктен қағылады

Пікір • Бүгін, 09:02

Классикалық киім шебері

Өндіріс • Бүгін, 08:45

Жер конкурсы онлайн жүреді

Аймақтар • Бүгін, 08:35

Бірыңғай QR-код төлем жүйесі

Қоғам • Бүгін, 08:33

Шабындыққа шалғы түсті

Аймақтар • Бүгін, 08:28

Ғылыми әлеуетті арттыру қадамы

Университет • Бүгін, 08:22

Көкпар – рух көрінісі

Ұлттық спорт • Бүгін, 08:20

Студенттер үйінің қуанышы

Аймақтар • Бүгін, 08:18

Заманауи спорт алаңы ашылды

Аймақтар • Бүгін, 08:10

Шын мықтыны шыңдайтын шаһар

Шымкент • Бүгін, 08:07

Құрметке лайық азамат

Тұлға • Бүгін, 08:02