Тұлпар тұяғымен жазылған тарих
Бастау Жазушы Антуан де Сент-Экзюпери «Кеме жасау үшін оған алыстан атақты ұсталар мен ағаш шеберлерін шақыртып, құрал-сайман жинаудың қажеті жоқ. Одан да сол кемеге мінетін халықтың мұхитқа деген мәңгілік аңсарын оят. Олар кемені өздері жасап алады» деген екен. Қаздауысты Қазыбек бабаның 350 жылдығына орай және Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық баянының тарихи маңызын терең зерделеу мақсатында сапарға шыққан «Қаздауысты Қазыбек би жолымен: бабаларға тағзым» халықаралық автокеруені би жұрты Балқантаудан 19 тамыз күні осылай атқа қонған болатын.
Театр • 13 Қыркүйек, 2017
Опера ендігіндегі ең жақын түйісу
«Фальстаф» операсын қоюшы-режиссер Дамиано Микелетто опера өнерінде аты мәшһүр, танымал тұлғалардың бірінен саналады. ЭКСПО-2017 бағдарламасы аясында оның қатысуымен жақында тұсауы кесілген туынды жайында Астана тұрғындары мен қонақтары тарапынан жылы лебіздер айтылды. Елорда сахнасында әсерлі реңкпен шынайы бедерленген әлемдік інжу-маржанның отандық сахнада ұсынылуы ел өміріндегі елеулі оқиға десек, ал осынау айтулы сәтті қалт жібермей, әлемдік өнер жұлдызымен әңгімелесу әсері өз алдына бөлек мәртебе еді. Көрерменді ғажайып көңіл күйге бөлеген операның мән-мағынасы жайында тереңнен ой қозғаған ла-скалалық өнер иесінің мәлімдеуінше, бұл сапар шығармашылық байланыстың соңы емес... Төменде Дамиано МИКЕЛЕТТО шығармашылығының өнегелі өрнектері мен сахнагер болмысының ерекше қырлары әңгімеге арқау етіледі.
Жер бетінде Адам Ата әулеті жаратылғаннан бергі сан ықылым замандарда әкелер мен балалар арақатынасы мәселелерінің тоқсан тоғыз толғаулы сүйегі, жетпіс жеті желілі сабақтастығы бір сәтке де үзіліп көрген емес.
Теннис • 13 Қыркүйек, 2017
Астанада Дэвис кубогының плей-офф матчы өтеді
Қыркүйектің 15-17 күндері аралығында Астанадағы «Дәулет» ұлттық теннис орталығында теннистен Дэвис кубогының плей-офф матчы өтеді. Қазақстан Ұлттық құрамасы турнирдің әлемдік тобына шығу үшін аталған доданың былтырғы чемпионы Аргентина командасымен сынға түседі.
Қайырын бергені сол емес пе, қазіргі таңда қазақтың ұлттық спортының тамырына қан жүгіре бастады. Төрт аяғынан тең басып кетті деуге келмес. Бірақ, іздегенді таптырғандай, өшкенді жандырғандай өрелі істер баршылық. Дегенмен, ұлт спортының, атап айтқанда аламан бәйгенің бүгінгі бет-бейнесі қандай? Осыған біз зер салып, ой көзімен қарап көрдік пе?