Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2017
Қарағанды облысының әкімі жұмыс сапармен Ақтоғай ауданын аралады
Таяуда Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов жұмыс сапармен Ақтоғай ауданында болып қайтты. Ол ауданның дамуымен және келешекке жоспарларымен танысты. Облыс әкімі жұмыс сапары барысында «Тәттібек» шаруа қожалығына барды. Осыдан екі жыл бұрын оның басшысы Берікбол Исабаев қаладан Жалаңаш ауылына көшіп келіп бордақылау алаңын ашқан. Жобаның құны – 8 млн теңге. Кәсіпкер 10 сиырдан бастап, қазіргі уақытта мал басын 136 ірі қара, 19 жылқыға дейін өсірген. Берікбол Исабаев алдағы уақытта кәсібін кеңейтуді жоспарлап отыр. Ол үшін өзі жуырда хабардар болған мемлекеттік қолдауға сүйенбек.
Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2017
Степногорда Қаныш Сәтбаевқа ескерткіш қойылды
Халқымыздың біртуар ұлы, қазақтан шыққан алғашқы академик Қаныш Сәтбаев көптеген дарынды шәкірттерін тәрибиелеп қана қойған жоқ, еліміздің дамуына негіз қалаған мол мұра да қалдыра білді. Ел жадында есімінің мәңгі сақталып қалуы да осымен байланысты екені даусыз. Ақмола облысы Стпеногор қаласында Қ.Сәтбевқа арналған еңселі ескерткіштің бой көтеруі соның жарқын дәлелі.
Қазақстан • 13 Қыркүйек, 2017
«Мерейлі отбасы» жүлдегері жуырда анықталады
Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы бойынша брифинг өтіп, оған Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшелері қатысты.
Білім • 13 Қыркүйек, 2017
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында жас буынның бо-йына қажет болмыс туралы бүкпесіз айтты. Мемлекет басшысының қазақстандықтардан көргісі келетін ең бірінші қасиет, ол – ұлттық сана. Білім де, бәсекеге қабілеттілік те, сананың ашықтығы да ең алдымен ұлттық кодтың сапалы негізі болуы тиіс. Осы орайда келешектің кепілі – оқушыларымыздың қай тілде оқып жүргеніне назар аударған едік. Өйткені әлемнің үздік 100 оқулығы қазақ тіліне аударылып, латын әліпбиіне көшу һәм білім саласындағы реформалар қызу жүзеге асырылып жатқан бетбұрысты кезеңде орыс және қазақ сыныбының таразы басындағы салмағы туралы мәселе қоғамда жиі қозғалып жүргені мәлім.
Қазақстан • 13 Қыркүйек, 2017
Латынға көшу туралы игі жақсылар не дейді?
Дүйсенбі күні Мәжілісте «Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандарттарын енгізу мәселелері туралы» парламенттік тыңдау өткізілгені белгілі. Онда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында көрініс тапқан осынау іргелі жобаға байланысты ордалы ойлар айтылды. Уақытпен үндескен бағалы бастаманы қызу қолдаған республика жұртшылығы мемлекеттік маңызды мәселеге орай байыпты пікір білдіруде. Бүгін біз солардың бір бөлігін оқырман назарына ұсынып отырмыз.