Ахмет Байтұрсынұлы • 21 Қыркүйек, 2022
Үмітпен өткен ғұмыр: Бадрисафа Байтұрсын келінінің Е.Пешковаға жазған хаттары
Ахмет Байтұрсынұлы патша заманында да, кеңестік кезеңде де қуғын-сүргін көріп, бірнеше рет түрмеге жабылған. Оның адам еркіндігін шектейтін абақты атты тар құрсауда ұзақ мерзімде отырған кезеңі – 1909-1910 жылдардағы Семей және 1929 жылы қамалған Мәскеудегі Бутырка түрмесі. Семей түрмесінде ол 7 айдан астам уақыт жапа шексе, Алматы-Мәскеу түрмелерінде 20 ай қамақта отырды. Алаш ардақтысының жазықсыз жазаға тартылғанына күйініп, оны құтқару үшін билік орындарына арыз-шағым жазған кісілердің бірі – жұбайы Бадрисафа Мұхамедсалыққызы (Байтұрсынова). Бадрисафа Байтұрсын келінінің билік органдарына жолдаған шағымдары мен хат-хабарлары архив мұрағаттарында сақталған. Патша заманында абақтыға қамалған отағасын құтқармақ болып жанұшыра қимылдаған Бадрисафаның маңдайына кеңестік бәлшебектік билік тұсында сол тағдыр одан да ауыр жолдармен жазылған еді...
Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2022
Павлодар қаласында ерекше аялдамалар пайда болды. Көпшілік қоғамдық көлік күтетін орындар қазақтың тарихи тұлғалары мен даңқты жерлестеріміз жайлы көрнекі ақпараттармен безендіріліп, әрқайсысы шағын музей іспетті алыстан көз тартады.
Президент • 21 Қыркүйек, 2022
БҰҰ алдағы сын-қатерлерге дайын болуға тиіс – Мемлекет басшысы
БҰҰ мінберінде сөз сөйлеген Президен Қасым-Жомарт Тоқаев ортақ мақсатқа қол жеткізу үшін қандай бағыттарда әрекет ету керегін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 21 Қыркүйек, 2022
Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада белгілі жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Әділбек Ыбырайымұлының «Семсер жүзіндегі серт» атты үш кітаптан тұратын тарихи трилогиясы таныстырылды. Оған ҰҒА-ның академигі Уәлихан Қалижанұлы, жазушылар Әлібек Асқаров, Мәди Айымбетов, Несіп Жүнісбаев, Роза Мұқанова және түркітанушы ғалым Қаржаубай Сартқожаұлы мен Парламент депутаттары Әлімжан Құртаев, Нұртөре Жүсіп, Дархан Мыңбай секілді танымал азаматтар қатысты.
Әдебиет • 21 Қыркүйек, 2022
Қазақ әдебиеті: әлеует пен құлықсыздық
Өзгенікін зор, өзінікін қор санау құлдық психологияның көрінісі. Бұл жағымсыз үрдіс өз әлеуетіңді елеп-ескермеуге, бағаламауға итермелейді де, басқаның жасығына жанасып, жаманынан жақсылық іздеп, іші қуыс, сырты жылтыр дүниесіне тамсанып, соған қарай итініп әуре еткізеді. Өкініштісі сол, сен өзің құр босқа әурешілікке салынып жатқаныңды білмейсің, білгеннің өзінде оны мойындамайсың, сыртқа қарай «ұлуыңды» жалғастыра бересің. «Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ, Оларға жөн – арамның сөзін ұқпақ».