Аймақтар • 12 Қыркүйек, 2017
Облыс орталығының көшелерінде ерекше жол белгілері пайда болды. Жаяу жүргіншілер көп жүретін жерлерге орнатылған осындай белгілер күн қуатымен жұмыс істейді.
Алматыдағы Ұлттық кітапханада Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғырудың бір кепілі – көне кітаптар» тақырыбында кітаптар көрмесі ашылды.
Қазақстан • 12 Қыркүйек, 2017
Таяуда Қарағандының «Шалқыма» концерт залында жыр мен терме орындаушылары арасында Қазыбек бидің 350 жылдығына арналған «Ордалы сөздің иесі – Қазыбек» атты сайыс өтті. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өткен дүбірлі дода екі кезеңмен үш күнге жалғасты. Бірінші кезеңде қатысушылар түрлі терме мектептері өкілдерінің шығармаларын орындады. Екінші кезеңде өнерпаздар қазақтың эпостық дастандарын жырлады. Сайысқа Қазақстанның әр өңірінен барлығы 16 термеші мен жыршы қатысты.
Аймақтар • 12 Қыркүйек, 2017
Алтай теңізі туралы білесіз бе?
Өскеменнен 26 шақырым жерде, Глубокое ауданының Тарханка ауылының маңында «Тархан геологиялық разрезі» деп аталатын ерекше бір жер бар.
Аймақтар • 12 Қыркүйек, 2017
Ішкі істер министрлігі Қостанай академиясының 3-курс курсанттары Еркебұлан Төлебеков пен Нұрбол Сәмке сол күні аулаларға, аялдамаларға хабарландырулар жапсырып, жоғалып кеткен әйелді іздестіруге волонтер қызметін атқарып жүрген болатын. Кешке қарай олар Тобыл өзенінің жағасына келді. Кенет олар өздерінен әудем жердегі көпірдің үстіне шығып, телефонмен сөйлесіп тұрған қызды байқады. Жігіттер «мына қыз машиналар жүріп жатқан жерде неге тұр?» деп, кідіріп тұрып қалды. Бұл жер тек көліктің ғана емес, жүргіншілердің де көп жүретін орны. Сол сәтте-ақ қыз өзенге секіріп кетті.