12 Қыркүйек, 2017

Отырардан жеткен жәдігерлер

1483 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы Ұлттық кітапханада Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғырудың бір кепілі – көне кітаптар» тақырыбында кітаптар көрмесі ашылды.  

 

Отырардан жеткен жәдігерлер

Көрмеде мұражай қоры жина­ғындағы ХІХ-ХХ ға­сыларға тән бірегей кітаптар мен қолжазбалар экспозицияланып, көпшілікке осы жәдігерлер ту­ралы мәлімет беретін деректер қамтылған.

Бүгінде 24000-нан астам заттай жәдігер мен көне жазба ескерткіштер топтамаларын сақтап отырған Отырар мем­лекеттік археологиялық қо­рық-мұ­ражайы қоры Отырар өл­ке­сінің тарихи ескерткіштерін қорғау, жәдігерлерді сақтау, насихаттау бағытында көп жұмыс атқарып отыр.

Отырар қорық-мұражайы қорының бастамасымен, қор қамқорлығындағы жәдігерлерді насихаттап, таныстыру мақ­са­тында ұйымдастырылған атал­мыш көрмеде жазба ес­кер­т­кіш­тер қорындағы құн­­ды бас­па жәдігерлері мен қол­жаз­ба­лар ал­матылықтар назарына ұсы­ны­лып отыр.

Мира БАЙБЕК,
«Егемен Қазақстан» 

АЛМАТЫ