Диодты шамдар түні бойы жарық шашып, айналаны нұрландырып тұрады. Мұның өзі жүйткіп келе жатқан көлік иелеріне алыс қашықтықтан берілетін ескерту десе де болады. Мұндай көмекші қондырғыларды қою мектеп маңдарынан бастау алды.
– Бұл белгілер «Жаяу жүргіншілер жолы 5.16» деп аталады. Күн энергиясы арқылы зарядталатын бір қондырғы 700 мың теңге тұрады. Жарықты он есеге дейін ұлғайта алатын жаңашыл үрдіс тұрғындар тарапынан үлкен қолдауға ие болып отыр,–дейді Петропавл қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Азат Бейсенбин.
Қалада орналасқан 80 бағдаршамды да тиімді қуат көзіне көшіру жоспарланған.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
Солтүстік Қазақстан облысы