Жазғы спорт • 12 Қыркүйек, 2017
«Астана» командалық сында үздік шықты
Велоспорттан Испания тасжолдарында өткен «Вуэльта-2017» көпкүндігі аяқталды.
Хоккей • 12 Қыркүйек, 2017
«Барыс» «Шығыс» дивизионында топ бастады
Елорданың «Барыс» хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасында сәтті өнер көрсетіп келеді. Өткен аптада олар Риганың «Динамо» командасына қарсы ойын өткізіп, айдын иелерінің қақпасына жауапсыз алты шайба соқты. Чемпионаттың Астанада өткен екінші турында жерлестеріміз дәл осы клубтан 3:5 есебімен жеңіліп қалған болатын.
Футбол • 12 Қыркүйек, 2017
Жауапты ойын алдындағы ірі жеңіс
Өткен сенбі-жексенбі күндері шағын үзілістен кейін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының 26-тур ойындары өтті. Көш басындағы «Астана» мен «Қайрат» бұл турда өздерінің кезекті жеңістеріне қол жеткізді. Елорда клубы «Атырауды» 7:0 есебімен күйрете жеңсе, алматылықтар «Қайсардан» 3:1 есебімен басым түсті.
Қазақстан • 12 Қыркүйек, 2017
Тоғызқұмалақтан әлем чемпиондары анықталды
Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында ұйымдастырылған тоғызқұмалақтан IV әлем чемпионаты аяқталды. Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ федерациясы, Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және денешынықтыру істері комитеті, Астана қаласының әкімдігі жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан турнирге әлемнің 25 елінен 70-тен астам тоғызқұмалақшы келіп, бақ сынады.
Қазақстан • 12 Қыркүйек, 2017
Тәуелсіз Қазақстанның ширек ғасырдан сәл асатын, тарихи тұрғыдан алғанда қысқа уақыттың ішінде дүние жүзіне танымал өз бедері мен беделі бар мемлекет ретінде қалыптасуы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кемеңгерлікпен жүргізіп отырған саясаты мен оны іске асырушы отансүйгіш, мемлекеттілік ұстанымдағы білгір де білімді, ел қамын ойлаған азаматтардың қажырлы еңбегінің нәтижесі екендігі анық.