Қоғам • 23 Қыркүйек, 2021
Көпшілік көңіліне күмән ұялатпасақ...
Соңғы кездері бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде дін қызметкерлеріне қатысты негізсіз айыптаулар мен орынсыз сын жазбалар жиі жарияланып, мұсылман қауымы арасында түсінбеушілік тудырып отыр. Ең өкініштісі, осы бағытта жазылған мақалалар мен жазбаларға пікір қалдырған әлеуметтік желі қолданушылары қоғамда ислам, мешіт туралы жағымсыз пікір қалыптастырып жатқанына мән бермеуде.
Қоғам • 23 Қыркүйек, 2021
Nur Otan партиясы әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында қазақстандықтарға барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын таныстыруды жалғастырып жатыр. Олардың көпшілігі түрлі әлеуметтік жобаны жүзеге асырып, қайырымдылықпен және ерекше қажеттілігі бар азаматтарды қолдаумен айналысады.
Қоғам • 23 Қыркүйек, 2021
Түркістан облысынан теріскей өңірлерге «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында қоныс аударуды ойлағандардың көбі солтүстік қысының суықтығы мен ұзақтығын айтып, екіұдай күйге түсетіні белгілі. Ал қоныс аударғандар жергілікті тұрғындардың жылы қабағы мен жасалған жайлы тұрмыстық жағдайлар ауа райының айырмашылығын ұмыттыратынын айтады. 2015-2021 жылдар аралығында облыстан солтүстік өңірлерге барлығы 2 533 отбасы, яғни 9 617 адам қоныс аударған.
Әлем • 23 Қыркүйек, 2021
Қытай басшысы Си Цзиньпин бұдан былай шетелде көмірмен жұмыс істейтін жаңа энергетикалық жобалардың құрылысын қаржыландырмайтынын мәлімдеді. Осылайша, Бейжің билігі Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясында қатарынан екінші жыл әлемді таңғалдырды.
Әлем • 23 Қыркүйек, 2021
Көптеген дамушы елде екі жасқа дейінгі балалардың тек үштен бір бөлігі сау өсуіне қажет өніммен тамақтанады. Соңғы онжылдықта олардың тамақтануы жақсарған жоқ.