Бокс • 17 Қыркүйек, 2024
Махмұд Сабырхан мен Айбек Оралбай салмақ дәрежесін ауыстырады
Жыл соңында Аммандада бокстан Азия чемпионаты өтеді. Турнир қарсаңында Қазақстан құрамасының кейбір спортшылары салмақ ауыстырады. Бұл туралы бас бапкер Қайрат Сәтжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 17 Қыркүйек, 2024
Жарыстар күнделігі: Дзюдо: Қоржында – 2 алтын, 1 күміс
Хорватияның Загреб қаласында дзюдодан Гран-при турнирі өтіп, балуандарымыз 2 алтын, 1 күміс медальмен оралды.
Ауа райы • 17 Қыркүйек, 2024
Синоптиктер бүгінгі ауа райы болжамын ұсынды
Қазгидромет синопиктері 17 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 17 Қыркүйек, 2024
Әлемді әнімен әлдилеп, дүние дидарын үнімен ұйытқан Димаш – Дінмұхаммед Құдайбергеннің әр концерті жанкүйерлері үшін қашан да үлкен оқиғаға ұласып жатады. Елордамыздың төріндегі «Астана Арена» стадионында екі күн қатарынан өткен әншінің «Stranger» шоуы бұл жолы да сол қалыбынан танбады. Жаһанның 80 елінен келген 10 мыңға тарта көрерменіннің басын төр қалада қосқан ғаламат концерт саф өнер тыңдармандары мен әншінің жанкүйерлері үшін шын мәнінде үлкен жаңалық болды.
Тұлға • 17 Қыркүйек, 2024
Жүзге дейін жүрегі жыр деп соққан
Жүзге дейін жүрегі жыр деп соққан... «Арыстанның артында терісі қалады, ақынның артында асыл сөзі қалады» демей ме дана халқымыз? Жетісудан шыққан атақты әнші, композитор, ақын Кенен Әзірбаев кезінде белгілі жыршы да болғаны мәлім. Кененнің жыршылық репертуарында Орта Азия халықтарына ежелден әйгілі болған «Ер Төстік», қырғыздың атақты эпосы «Манас» («Көкетайдың асы») жырлары ерекше орын алып келді, оларды асқан шабытпен жырлады. Біздің дәуірімізге ақын идеялық-көркемдік мәні күшті «Қырғызбай», «Әли батыр», «Кенебай – Кербез», «Жамбыл – жыр» жырларын жеткізді. Өзге жыршылар секілді Кенен де бұрынғы эпостың ең тартымды, асыл нұсқаларын халыққа тарату жолында аса пайдалы еңбек етті. Қазақтың «Ұлы жүз жайында аңыз», «Жалғыз қаз», «Қырғызбай», «Әли батыр», «Кенебай – Кербез», «Жамбыл – жыр» секілді ондаған эпикалық жырын Кенен жыршы насихаттап отырды. Ал тамаша қаһармандық жыр – «Бұрынғы өткен батырлар» («Көкетайдың асы») атты қырғыздың атақты эпосы «Манастың» бір бөлімі, біздің дәуірімізге жетуі жыршылық дәстүрдің баға жетпес қызметін сипаттай алады.