Қазақстан • 12 Қыркүйек, 2017
А.Квочур, Ресей батыры: Кенен білімді, қыран қайратты
Ең алғаш 1986 жылы ұмытпасам, қазан айында, тоқтар оңғарбайұлы «Тбилиси» авиатасымалдағышына «МИГ-29к» ұшағын қондырды. Қондырып қана қоймай қайтадан ұшып шықты. Теңдессіз ерлік жасады. Күздің қара суығы бет қаратпай тұрған кезі толқыған теңізде теңселген корабльге ең төменгі жылдамдығы 270 шақырымдық әскери ұшақты қару-жарағы сықиған күйі қондырудың адам айтқысыз қиындығын біздер, оның әріптестері ғана түсінер едік.
Қазақстан • 12 Қыркүйек, 2017
Олег Смоляков: «Біздің мақсатымыз – банк жүйесін қалыпқа келтіру»
Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы қабылдаған Банк секторының қаржылық орнықтылығын арттыру бағдарламасы банк жүйесінің жинақталған проблемаларын түпкілікті шешуге, кредиттік портфельді қалыпқа келтіруге, кредиттеуді жандандыруға, қаржы институттарында тәуекел-менеджментті жетілдіруге арналған. Бұл туралы біздің басылымға берген сұхбатында Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары Олег СМОЛЯКОВ айтып берді.
Аймақтар • 12 Қыркүйек, 2017
Орал қаласында 180 пәтерлі және 90 пәтерлі қос үйдің құрылысы аяқталып, тұрғындар игілігіне берілді. Оралда бірнеше күннен бері тойланып жатқан «Қала күні» мерекесі аясында берілген қоныстой салтанатына Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов, шаһар басшысы Мұрат Мұқаев қатысты.
Аймақтар • 12 Қыркүйек, 2017
Қарқынды даму өңірде де етек алған
«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед Павлодар облысына барды. Сапар барысында ол индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған кәсіпорындардың жұмысымен танысты. Сондай-ақ, Мұхтар Құл-Мұхаммед Павлодар түсті металлургия колледжінің жаңадан салынған Студенттер үйінде және Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының ғылыми бөлімі – «Margulan center» орталығында болды. Бұл орталықта «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ертіс өңірінен шыққан атақты билеуші Сұлтанбет сұлтанның ордасы қалпына келтірілген.
Аймақтар • 12 Қыркүйек, 2017
Ақсуаттың ажарын ашқан стадион
Жақында Тарбағатай ауданының орталығы – Ақсуат ауылында толықтай күрделі жөндеуден өткен 2000 орындық стадион салтанатты түрде ашылып, ел игілігіне пайдалануға берілді.