Қазақстан • 13 Қыркүйек, 2018
Тегін дәрі-дәрмекті бөлу жүйесі ашық
Кеше Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша және еліміздегі фармацевтикалық саланың жай-күйі мен дамуы туралы әңгімеледі.
Қазақстан • 13 Қыркүйек, 2018
Бірқатар заң жобалары мақұлданды
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен палатаның жалпы отырысында депутаттар «Авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық негізде басқару тәртібі туралы» және «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің терроризмге және экстремизмнің өзге де зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы күресті жүзеге асыратын құзыретті органдарды материалдық-техникалық қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобаларын өндіріске қабылдау туралы қаулы қабылдады.
Өнер • 13 Қыркүйек, 2018
Алматыдағы Ұлттық кітапханада Қытай Халық Республикасы Чунцин қалалық халықтық үкіметі баспасөз қызыметінің, Чунцин қалалық халықтық үкіметі сыртқы істер департаментінің, ҚХР Алматыдағы Бас консулдығының қолдауымен «Бір белдеу, бір жол» жобасы аясында ҚХР мен Қазақстан Республикасы арасындағы мәдени, экономикалық және сауда қарым-қатынастарының дамуына ықпал ету мақсатында ұйымдастырылған «Чунцин келбеті» фотокөрмесі және «Қытай мәдениет күндерінің» ашылу салтанаты өтті.
Қазақстан • 13 Қыркүйек, 2018
Сараптама: «Ақылды» ауыл шаруашылығы
Әлемдегі дамыған елдердің ауыл шаруашылығында қазір буырқанған өзгерістер жүріп жатыр. Ауқымы жағынан мұндай өзгерістер әлемде капитализм орнап, ауыл шаруашылығы алғаш рет механикаландырыла бастаған кезден бастап болған емес. Бір сөзбен айтқанда, саладағы қазіргі өзгерістерді жаңа технологиялардың қарыштап дамуы нәтижесінде пайда болып, эволюциялық жолмен жүзеге аса бастаған революциялық өзгерістер деп айтуға болады.
Қаржы • 13 Қыркүйек, 2018
Қазақстан Орталық Азия елдерінің ішінде бірінші болып «жасыл» экономикаға көшу туралы стратегиялық құжат қабылдағаны белгілі. Әлемдегі аса ірі шикізат экспорттаушы мемлекет ретінде мойындалған, мұнай мен газдың, көмірдің мол қоры бар елдің жаңғырмалы қуат көздеріне көшу туралы шешімге келуінің себебі неде?