Қоғам • 15 Қыркүйек, 2023
Сарыарқаның сәні болған жәрмеңке
Қарқаралы еліне құт болған Қоянды жәрмеңкесінің 175 жылдық мерейтойы дүркіреп өтті. Бұл жолғы той ас ішіп, аяқ босатумен өткен жоқ. Елдің түпкір-түпкірінен жиналған ғалымдар, тарихшылар мен өлкетанушылар келелі конференцияда бас қосты. Онымен қоса, аудан орталығында ауыл-ауыл болып, көрме ұйымдастырылды. Дәстүрлі әннің дүбірі естіліп, қара өлеңнің рухы аспандады.
Ұлттық спорт • 15 Қыркүйек, 2023
Астана қаласының іргесіндегі Қаражар ауылынан аттанған салт аттылар межелі жолдың жартысынан асып, Жезқазған жерін басып өтті. Әзірге Қостанай, Маңғыстау облыстарымен қатар Астана қаласының командалары бәйгенің алдында келеді.
Спорт • 15 Қыркүйек, 2023
Азия чемпионаты Алматыда өтеді
Үстел теннисінен 2024 жылғы Азия чемпионаты Алматыда өтеді. Бұл ақпаратты ATTU растап отыр.
Теннис • 15 Қыркүйек, 2023
Таяуда ғана Нью-Йоркте өткен АҚШ-тың ашық біріншілігінде айды аспанға шығарып, аралас жұптар сайысында бас жүлдені олжалаған жерлесіміз Анна Данилина бұл күндері Сан-Диегода өнер көрсетіп жатыр.
Президент • 14 Қыркүйек, 2023
Мемлекет басшысы «ЭКСПО Орталық Азия – 2023» көрмесіне барды
Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан президенттері қатысушы мемлекеттердің экономикалық жетістіктерін танытатын ұлттық павильондарды аралап көрді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.