Бұл жолы ол жұптық бәсекеде бақ сынады. Америкалық Бетани Маттек-Сандс екеуі кеше жергілікті ойыншылар Улрикке Эйкери/Ингрид Нилмен шеберлік байқасты. 1 сағат 39 минутқа созылған тартыс 6:3, 7:6 есебімен аяқталды. Ал Юлия Путинцеваның Жапонияның Осака қаласында өтіп жатқан WTA 250 турнирінің ширек финалдағы қарсыласы анықталды. Осыған дейін ресейлік Диана Шнайдер мен Диана Савиныхты сан соқтырған ол бұл межеде әлемнің 39-ракеткасы, қытайлық Синьюй Ванмен шеберлік байқасады.
Сондай-ақ Путинцева жұптық сайыста да табысты өнер көрсетті. Украиналық Анна Калининамен жұп құрған ол ширек финалда ұлыбританиялық Нэкита Бэйнс пен Майя Ламсденді 6:1, 6:4 есебімен жеңді.