– Қазақстан қай спорт түрінен болса да жарыстарды аса жоғары деңгейде өткізеді. Солардың қатарында үстел теннисі де бар. Бұйыртса, Азия чемпионаты да сол дәрежеде ұйымдастырылады. Бұған дейін біздің елде ТМД мен Орталық Азия мемлекеттері арасындағы дода және «World Tour Grand Finals» пен «Contender» сериясындағы бәсекелердің жалауы желбіреді. Енді Азия чемпионатын өткізуге бел буып отырмыз. Бұл жарыстар елімізде спорттың осы түрінің дамуына тың серпін беретініне сенімдімін, – дейді үстел теннисінен Республиалық федерацияның президенті Данияр Абулғазин.
Естеріңізге сала кетейік, күні кеше ғана аяқталған Азия чемпионатында ел құрамасы ширек финалға дейін жетіп, 2024 жылы шымылдығы түрілетін әлем чемпионатына жолдама алды.