Аймақтар • 15 Қыркүйек, 2019
Оралда Digital In West форумы өтті
Орал қаласында инвестиция және цифрландыру тақырыбы төңірінде Digital InWest атты өңірлік форум өтті. Шара аясында аймақтың экспортқа бағытталған тауар өндірушілерінің және форум қатысушыларының ІТ жобаларының көрмесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ инвестицияларды тарту, Smart City дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын және өнеркәсіпті (Индустрия 4.0) цифрландыру блоктары бойынша пленарлық сессиялар мен талқылаулар өтті.
Алматы жұрты журналистика абызы Әбілфайыз Ыдырысовпен қоштасты
Бүгін Алматы жұрты, журналистер мен жазушылар Әбілфайыз Ыдырысовты соңғы сапарға шығарып салды.
Қазақстан • 14 Қыркүйек, 2019
Әділ Ахметовтің «Ғасыр ғибраты» кітабы оқырманға жол тартты
Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, саясаткер-қаламгер, танымал түрколог Әділ Ахметовтің «Фолиант» баспасынан жарық көрген «Ғасыр ғибраты» атты кітабының тұсаукесері өтті. Оқырманға тарту етіп отырған бұл туынды –қайраткер ғалымның танымдық әрі ғылыми-публицистикалық монографиясының толықтырылған екінші басылымы.
Әлем • 14 Қыркүйек, 2019
Испанияда су тасқынынан қаза тапқандар саны өсті
Испанияда су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны бес адамға жетті. Бұл туралы La Vanguardia газеті Азаматтық гвардиядағы дереккөзге сілтеме жасап хабарлайды.
Елордалықтар келесі жылы газ пайдалана бастайды
Нұр-Сұлтан қаласында көгілдір отын шығаратын газ тарату желілерінің құрылысы басталды. Газ құбырының негізгі магистральдары жыл соңына дейін жүргізіледі. Бұл туралы қала әкімдігінің instagram парақшасында жарияланды.