Денсаулық • 14 Қыркүйек, 2023
Қазіргі кезде кез келген аурудан қорғанудың негізгі жолы алдын алу екені белгілі. АИТВ инфекциясына келетін болсақ, профилактикалық шаралар вирустан сақтанудың жалғыз мүмкіндігі болып саналады.
Жұмыс • 14 Қыркүйек, 2023
Бір адам жұмыс тапса да олжа. Жезқазғанда өткізілген жұмыс жәрмеңкесі осындай мақсатты көздеді. Қала әкімдігі мен «Мансап» орталығы бірлесіп, ашық аспан астында ұйымдастырған жәрмеңкеге жұмыс берушілер де, іздеушілер де қызығушылық танытты.
Еңбек • 14 Қыркүйек, 2023
Еңбек адамды өсіреді, өмірге құлшынысын арттырып, қанаттандырады. Ертеңгі күнге деген сенімін нығайтып, үмітін үкілей түседі. Төрт мүшесі түгел бола тұра еңбекке құлықсыз жандардың қасында өзін әлдеқайда бақытты, табысты, ырысты сезініп, еңбек ету арқылы көптің құрметіне бөленіп жүрген ісмер Гүлім Нұрбатырова осылай ой түйеді. Шеберлігі шыңдалған тігіншінің есімі бүгінде жұртшылыққа жақсы таныс.
Қоғам • 14 Қыркүйек, 2023
Аида Балаева V Будапешт демографиялық саммитіне қатысты
Мажарстан астанасында «Отбасы: қауіпсіздік кілті» тақырыбында V Будапешт демографиялық саммиті өтіп жатыр. Оған 60 елдің өкілдері, оның ішінде Болгария Президенті Румен Радев, Италия Премьер-министрі Джордж Мелони, Танзания Вице-президенті Филип Исдор Мпанго, сондай-ақ Үкімет мүшелері, дін қайраткерлері, БАҚ өкілдері, қоғамдық пікір көшбасшылары жиналды. Венгрия тарапының шақыруы бойынша саммит жұмысына Мәдениет және ақпарат министрі, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Аида Балаева да қатысып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 14 Қыркүйек, 2023
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы өңірлерді аралап жүр. Бұл пойыз 26 сәуірде Алматы-2 стансасынан жолға шыққан. Содан бері Алматы, Жетісу, Абай, Ұлытау, Қарағанды, Қостанай, Ақмола, Маңғыстау, Атырау облыстарындағы 70 бекетке тоқтаған.