Қаржы • 14 Қыркүйек, 2019
Ташкентте іскер қандастарымыз қатысқан бизнес-форум өтті
Бизнес-форумды Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы және «Отандастар қоры» КЕАҚ Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы елшілігінің, «Атамекен» ҰКП ССП-ның және Ташкенттегі қазақ мәдени орталығының қолдауымен осы елде тұратын іскер қандастарымыз үшін өткізді. Бұл жөнінде Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының баспасөз қызметінің басшысы-хатшысы Сырым Төлеуұлы хабарлады.
Аймақтар • 14 Қыркүйек, 2019
Маңғыстау облысында әскерилердің оқу-жаттығулары ертең аяқталады
Маңғыстау облысының «Оймаша» полигонында ракета әскерлері мен артиллерия бөлімдерінің лагерьлік жиындары аяқталуда. Бір ай ішінде еліміздің батысындағы Атырау, Ақтау және Ақтөбе гарнизоны әскери бөлімдерінің артиллерияшылары далалық жағдайда шабуылдаушы және қорғаныс ұрыс әрекеттерін пысықтады. «Батыс» өңірлік қолбасшылығы Басқармасының баспасөз қызметінен капитан Рустем Игисинов хабарлады.
Үкімет • 14 Қыркүйек, 2019
Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Арменияға барды
Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Армения Республикасына жұмыс сапарымен барды. Сондай-ақ, қазақстандық делегация құрамына ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының атқарушы директоры Әсет Исекешев пен ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов кірді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Тағайындау • 13 Қыркүйек, 2019
Ғабидолла Әбдірахымов Премьер-Министрдің кеңесшісі болып тағайындалды
Премьер-Министрдің Өкімімен Әбдірахымов Ғабидолла Рахметоллаұлы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Премьер-Министрдің Баспасөз қызметі хабарлайды.
Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2019
Сенаторлар Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысына қатысты
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Серік Бектұрғанов, Бақытжан Жұмағұлов және Айгүл Қапбарова еліміздің Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысына қатысты.