Тұлға • 14 Қыркүйек, 2023
Былтыр ел Үкіметінің қаулысымен белгілі журналист, сатирик Жұматай Сабыржанұлының есімі туған жері – Қостанай облысы Амангелді ауданы Қабырға ауылындағы орта мектепке берілді. Осыған орай аталған білім ордасында қаламгер есімін ұлықтауға арналған мазмұнды іс-шара өтті.
Өнер • 14 Қыркүйек, 2023
Түркістан туралы мюзикл жарыққа шығады
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мәдениет саласын дамыту бағытындағы жұмыстарды саралау үшін мәдениет және өнер қайраткерлерін қабылдады. Кездесуге Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Нұрғиса Дәуешов, продюсер, режиссер, сценарист Сержан Молдасанұлы, әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мейрамбек Беспаев қатысып, Түркістанда өнер, мәдениет салаларын дамыту бағытында пікір алмасты, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 14 Қыркүйек, 2023
Биыл Астанада 26 650 бала мектеп табалдырығын алғаш аттап, 1-сыныпқа барды. Қалалық білім басқармасының дерегіне сүйенсек, оның 15 929-ы (60 пайызы) – қазақ сыныбының оқушысы. Елордадағы №82 «Дарын» мамандандырылған лицейінде биылғы оқу жылын бастаған 230 ұл-қыз да алғаш рет партаға отырып, сынып жетекшілерімен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Қыркүйек, 2023
Ірімшік сайысынан жүлдемен оралды
Ірімшік дайындау тек аспаздық немесе кәсіптік емес, ірі деңгейдегі сайыстардың да өзегі болып келеді. Газетімізде бұрын Маңғыстау облысының Түпқараған ауданы аумағында орналасқан «Жеті лақ» фермасы Францияда өтетін «Mondial du fromage – 2023» халықаралық ірімшік және сүт өнімдері байқауына жолдама алғанын хабарлаған едік. Бұдан үш жыл бұрын өз кәсібін бастап, бүгінде пастерленген ешкі сүтін, йогурт, айран, сүзбе, қаймақ және ірімшіктің 12 түрін шығарып, айына 3,5 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма иелері Никита Кобзев пен Александра Григолованың Франциядағы сайыстан қоржыны құр қайтқан жоқ.
Сенат • 14 Қыркүйек, 2023
Сенаторлар халықаралық қызмет туралы заңдарды мақұлдады
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Палата отырысында депутаттар үш халықаралық келісімді ратификациялау туралы заңдарды қарап, мақұлдады. Сондай-ақ сенаторлар өздерінің депутаттық сауалдарын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.