Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2019
Оңдасын Оразалин: Жалған мәлімет берген мемлекеттік қызметкерлер жұмыстан босатылады
10 қыркүйек күні облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен аппарат жиыны өтті. Облыс әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, қала аудан әкімдері қатысқан жиында Ақтөбе облыстық әкімдігінің аппарат басшысы Нұржауған Қалауов 12 тамыздан 8 қыркүйекке дейінгі кезеңдерде атқарушылық тәртіптің жағдайы туралы хабарлады. Осы мерзім аралығында 277 тапсырма, жоғары тұрған орталық мемлекеттік органдармен 522 тапсырма берілген. Президент Әкімшілігі тарапынан берілген 620 тапсырма мен облыс әкімінің 29 тапсырмасы дер кезінде орындалды.
Спорт • 13 Қыркүйек, 2019
Алматыда дзюдодан әлем чемпионаты өтеді
25-29 қыркүйек күндері Алматы қаласында жасөспірімдер арасындағы дзюдодан әлем чемпионаты өтеді. Бұл туралы Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2019
Шымкент: Республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттың 6458,2 млн теңгесі қысқартылды
Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтахановтың төрағалығымен бюджеттік тәртіпті күшейту, оның атқарылуын жүйелеу және бюджетті жоспарлаудың тиімділігін арттыру мәселелеріне арналған жиын өтті. Қала басшысы жергілікті атқарушы мемлекеттік органдардың бюджетті жоспарлаудағы кемшіліктерін сынға алып, орындаушылық тәртіптің өте төмен, сын көтермес деңгейде қалғандығын ашып айтты. Бұл туралы мегаполис әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2019
Ақтөбеде «Аспан-2019» арнайы тактикалық оқу-жаттығуы өз мәресіне жетті
Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Т.Ж. Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институты «Ақтөбе» аэродромында болып, әскери техникалармен танысты. Ұлттық гвардия бөлімшелері, Ақтөбе облысының Полиция департаменті мен ТЖД мамандары ұйымдастырған «Аспан-2019» арнайы тактикалық оқу-жаттығуын көрді.
Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2019
Нұр-Сұлтан қаласында кедендік заңнама саласындағы түзетулер қаралды
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және инвестициялық климатты жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасын талқылау бойынша мемлекеттік орган өкілдерінің кәсіпкерлер қоғамдастығымен кездесуі өткізілді. Бұл туралы economy.gov.kz хабарлады.