Экономика • 11 Қыркүйек, 2018
«ҚМГ» жарты жылдықты қорытындылады
«Қара алтын» нарығындағы Қазақстанның басты операторы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы биылғы алғашқы алты айдағы қаржылық және операциялық нәтижелерді жариялады.
Өнер • 11 Қыркүйек, 2018
Домбыра тартатын қырғыз қыздары
Көшпенділер ойындарының мәдени іс-шаралары өтіп жатқан Қыршын жайлауындағы этноқалашықтың «Ыстықкөл облысының ордасында» қырғыздың ұлттық киімдерін киіп, шаштарын салалап өріп алған оқушы қыздарды суретке түсіргелі жандарына барғанымда, менің қазақ газетінен екенімді білген соң, олар жарысып: «Бәйке (аға дегендері), біз домбыра тартқанды білеміз!», деп жаныма үйіріле қалысты.
Өнер • 11 Қыркүйек, 2018
Ақтық сынға өткендер Алатауға аттанады
Өткен аптада Орталық коммуникациялар қызметінде «Junior Eurovision» республикалық балалар байқауының финалистерін хабарлауға арналған баспасөз мәслихаты өтті. Шараға «Хабар» агенттігі» АҚ төрағасы Алан Әжібаев, төраға орынбасары Ринат Кертаев, Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева қатысып, жүзден жүйрік, шыққан қатысушылардың есімдерін атады.
Спорт • 11 Қыркүйек, 2018
Балуандар Варшавада 8 жүлде алды
Еркін күрестен Польшаның астанасы – Варшавада өткен Вацлав Циолковскийді еске түсіруге арналған дәстүрлі халықаралық турнир аяқталды. Бұл жарыстан Қазақстанның ұлттық құрамасы 4 күміс және 4 қола медальмен оралды.
Теннис • 11 Қыркүйек, 2018
Үстел теннисшілерінің әлемдік рейтингі қайта жаңартылды. «ТОП-50» ойыншының қатарында Қазақстанның жалғыз ғана өкілі бар. Еліміздің бірнеше дүркін чемпионы, Рио Олимпиадасына қатысушы және бірқатар халықаралық турнирлерде жүлде алып жүрген 21 жастағы Кирилл Герасименко үздіктер тізімінде 40-орынды иеленді.