Қазақстан • 11 Қыркүйек, 2018
Атырауда оториноларингологтардың Каспий форумы басталды
Бұл іс-шара оториноларингологтардың V Еуразиялық Ассамблеясы және Қазақстан Республикасы лор дәрігерлерінің ІІ съезі.
Әдебиет • 11 Қыркүйек, 2018
Аймақтар • 11 Қыркүйек, 2018
Атыраулықтар бір ай бойы белгілі мүсінші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Бақытжан Әбішевтің қолынан шыққан құнды дүниелерді тамашалайды. Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде «Әбішевтің әлемі» атты көрме ашылды.
Қазақстан • 11 Қыркүйек, 2018
Жақында С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында оқырмандармен бірге «Жирен жаман әдеттен!» атты пайдалы кеңес сағаты өтті. Аталған шара жасөспірімдерге cаламатты өмір салтын ұстануға дағдыландыру, ішімдік пен темекінің ағзаға зиян екенін насихаттау, дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануға, жасөспірімдерді зиянды әдеттерден бойларын аулақ ұстауға шақыру мақсатында ұйымдастырылды.
Өнер • 11 Қыркүйек, 2018
Шымылдықтың сыртында тұрған әншінің бүгінгі жүрек толқынысы ерекше. Күн сайын осы бір кең сарайдың сахнасын сан мәрте басып, сырлы саз төгілген ғаламат даусымен тыңдарманының құлақ құрышын қандырып, керемет сезімге бөлеп жүрген өнерпаз көңілі өрекпіп, жаны бір сәт те тыныштық табар емес. Ол нешеме күлкісіз күндер мен ұйқысыз түндерін осы сәттің ертең естен кетпес естелікке айналуы үшін құрбан етті. Жолында кездескен есепсіз қиындық пен өлшеусіз төгілген маңдай терін елеместен тегеурінді еңбектенуін тоқтатпады. Сол табандылығының арқасында ол Францияның «Гранд Опера» сынды атағы айдай әлемді аузына қаратқан жаһанға ортақ жауһар театрларының салтанатты сахнасын бағындырды. Солай бола тұрса да, әсем үнімен әлемді таңдай қаққызған актрисаның дәл осы сәттегі жүрек дірілінің салиқалы себебі бар. Ол бүгін әні арқылы елімен сырласады. Себебі...