Қаржы • 28 Қыркүйек, 2022
Әлемдегі геосаяси ахуал күн санап күрделеніп барады. Әрі сол қиын түйткілдер бізге жақын өңірлерде жүріп жатыр. Бұл, әрине, көңілді алаңдатады. Геосаяси проблеманың бар ауыртпалығы логистика мен экономикаға, одан әрі қаржы нарығына түседі. Пандемия екпіні де әлі толық басыла қоймаған кезде жаңа тәуекелдер топ-тобымен келе қалды... Соған қарамастан отандық қаржы секторы әлі де болса тұрақтылық танытуда. Олар қайткен күнде де санкция тұзағына ілікпей, ызалы жерді айналып өтудің қам-қарекетін жасап жатыр.
Аймақтар • 28 Қыркүйек, 2022
«Тереңкөл тынысы» неге шөміштен қағылды?
«Тереңкөл тынысы» газетінің құрылтайшысы Алтынай Демесінова Тереңкөл аудандық мәслихатының аппараты қырын қарап, шөміштен қақты деп мұңын шағып келді. Айтуынша, аудандағы орыс тілді «Заря» басылымына басымдық беріліп, қосымша мемлекеттік тапсырыс бөліп қойған. Оған қазақ редакциясы ортақтаспауы үшін талаптар қитұрқылықпен өзгертілген көрінеді.
Қоғам • 28 Қыркүйек, 2022
Тартымды жобалар жаңа жұмыс орнын көбейтеді
Өткен сегіз ай аралығында Алматы облысының экономикасына құйылған инвестиция ағыны 19 пайызға ұлғайып, жалпы, қаржылай көлемі 320 млрд теңгеден асып түскен екен. Яғни жыл басынан бері аймақта 54,2 млрд теңге жұмсалған 10 ірі инвестициялық жоба жүзеге асып, соның нәтижесінде 700-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылған.
Медицина • 28 Қыркүйек, 2022
Екпенің құтысын алмастырып алған
Ақтөбедегі «Рауан» тұрғын үй алабында орналасқан №74 орта мектептің 1-сыныбында оқитын 42 балаға мектеп медбикесі манту орнына шатастырып БЦЖ екпесін салып жіберген. Оқиға 13 қыркүйекте болған. Содан екі апта өткеннен кейін балалардың дене қызуы түспей, иықтары ісіп, қызарып, іріңдеген соң ата-аналар мектеп дәрігеріне келген.
Қоғам • 28 Қыркүйек, 2022
Құрылыс маусымын ұзартатын қоспа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында жергілікті маңызы бар жолдарға назар аударып, бірқатар мәселені атап өткен болатын. Осы орайдағы мәселелердің шешімін табу мақсатында елордада Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті мен «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты»АҚ «Жол құрылысындағы инновациялық технологиялар мен материалдар» атты көшпелі семинар өткізді.