Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2019
Қостанай облысында 500 тұрғыны қалған ауылдар саны 38-ге жеткен
Бұл туралы «Төртінші деңгейдегі бюджет: ауылдық округтерді оңтайландырудан бастап, бірінші басшылардың жауапкершілігіне дейін» деген тақырыпта Қарасу ауданының базасында өткен дөңгелек үстел мәжілісінде айтылды. Өткен жылы облыста 2 мың тұрғыны бар 45 ауылдық-селолық округтер төртінші деңгейдегі бюджетке өткен болатын. Жергілікті өзін өзі басқаруға көшкенде олардың барлығында қаржыландыру, көлікпен, компьютермен жабдықтау жақсарды, негізінен көп жолақты қуатты интернет желісіне қосылды. Бірақ проблемалар жоқ емес, оның ең бастысы кадрмен қамтамасыз етуге байланысты. 45 ауылдық округте 27 маман жетіспейді.
Қазақстан • 13 Қыркүйек, 2019
Жиырма жыл оқ пен оттың ортасында жүрген тілші
Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан Astana Media Week-тің екінші күні Қазақстандағы жарнама нарығының даму перспективаларын талқылаумен басталды. Одан кейін шараға келген танымал тілшілер шеберлік сағаттарын өткізді.
Технология • 13 Қыркүйек, 2019
Машина жасау өндірісінде өсім бар
Биылғы 8 айдың көрсеткіші бойынша елімізде машина жасау өндірісінің көлемі 18 пайызға артты. Бұл туралы кеше Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов айтты.
Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2019
Қазақстанның қиыр батысында орналасқан Бөкей ордасы ауданы – төрт түлік мал саны жөнінен ең бай өңірдің бірі. Аудан тұрғындарының саны 16072 адам болса, 2019 жылдың 1 қыркүйегінде ірі қара – 69 857 бас, қой-ешкі – 92 198, жылқы – 25 308, түйе – 938 басқа жеткен.
Спорт • 13 Қыркүйек, 2019
Алтай Көлгінов спортшылармен кездесті
Кеше Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елорда спортын өркендетіп жүрген бірқатар спортшылар мен Нұр-Сұлтан қаласындағы спорт ұйымдарының өкілдерімен кездесіп, бірқатар мәселені талқылады.