Қоғам • 12 Қыркүйек, 2019

Дорит Саллис: Өркендеудің негізі

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Пре­зидент Қ.Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолда­уында ұсынған ішкі реформалар елдің экономикалық, әлеу­мет­­тік және саяси салаларында айтарлықтай өзгерістерге жол аша­ды.

Дорит Саллис: Өркендеудің негізі

Инфрақұрылымның, энергетика мен ауыл шаруашылығының негізгі секторларындағы реформалардан бастап, білім беру, ден­саулық сақтау және тұрғын үйді жақсарту, өңірлерді дамыту, ШОБ-ты қолдау, көппартиялы жүйені нығайтуға дейінгі барлық реформалар Қазақстанның ұзақ мерзімді өсіп-өркендеуі мен халықтың әл-ауқатын қамта­ма­сыз етудегі алға жылжуын көр­се­теді.

Президент айқындаған сырт­қы саяси басымдықтар да ма­ңыз­ды. Бұл Қазақстанға әлемдік экономикалық ірі мемлекеттердің арасында алатын орнын қамта­ма­сыз етеді. Экономиканың әрта­рап­тандырылған салаларындағы оңтайлы реттеу құрылымдары арқылы елге тікелей шетелдік инвестицияларды тарту саясаты, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығы ұсынатын жан-жақты қаржы ресурстарының болуы шетелдік компаниялардың Қазақстанға өте перспективалы инвестициялық аймақ ретінде сенімін арттыруға ықпал етеді.

Қысқаша қорытындылай келе, Президент Қ.Тоқаев Жол­дау­да енгізілген ішкі және сырт­қы саяси реформалардың үйле­суі Қазақстанның қазіргі және таяу жылдардағы өсуі мен өркендеуіне негіз қалайтыны сөзсіз.

 

Дорит САЛЛИС,

Швейцария-Ресей/ТМД Бірлескен сауда палатасының басқарушы директоры