Таным • 18 Қыркүйек, 2022
Әуелгі әңгімені ақсақалдар айтқан, әлі айтып та келеді. Жетісу өзі киелі жер екені әмбеге аян, ендеше бұл мекеннің әулиелерден кенде болмауы заңдылық. Кешегі елге еге болған Балпық, Ескелді билердің замандасы сөзі уәлі Қоғыл әулиені бүгінгі ұрпақ біле бермейді. Ұрпақ ұмытқаннан ауыр жаза жоқ шығар. Әйтпесе бабатаным «өлі риза болмай, тірі байымайды» деп даналыққа жықпап па еді. Бірақ Талдықорған қаласының іргесіндегі жатқан баба кесенесін көргенде біздің ұйысқан ұлт тамырынан ажырап кеткендей күйге түскеніміз несі!?
Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2022
Жүзден астам ауылда сапалы интернет жоқ
Түркістан облысы аумағында 838 ауылдық елді мекен бар. Аудан, қала әкімдіктерінің талдау ақпараты нәтижелері бойынша 642 елді мекендегі 1 753 012 тұрғын сапалы интернетпен қамтылған, бұл – жалпы облыc халқының 73,7 пайызы. Сондай-ақ өңірдегі 441 129 оқушы 3G және 4G мобильді желісімен, 123 ауылдық елді мекенде 63 мыңға жуық оқушы 2G мобильді желісімен қамтамасыз етілген.
Қазақстан • 18 Қыркүйек, 2022
Abai IT-Valley технопаркі білікті IT-мамандармен толығады
Абай облысында адами капиталдың әлеуеті зор. Мәселен, өңірде IT-технологияны жетік меңгерген, бірақ бойындағы қабілетті толық аша алмай жүрген дарынды азамат көп. Өкініштісі, осы күнге дейін олардың басын біріктіретін орталық өңірде болмаған. Міне, осы олқылықтың орнын биыл Семейден ашылған Abai IT-Valley технопаркі толтырады деген сенім мол.
Кәсіпқой бокс • 18 Қыркүйек, 2022
Кәсіпқой бокстың орта және екінші орта салмақтағы таңдаулы боксшылары қазақстандық Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) мен мексикалық Сауль Альварес (58-2-2, 39 KO) арасындағы үшінші айқас АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп, жанкүйерлерге тартысты жекпе-жек ұсынды. 20 мың жанкүйер сыятын T-Mobile Arena спорт кешенінде өткен трилогия да көпшілік күткендей 12 раундқа жалғасып, мексикалық боксшының жеңісімен аяқталды.
Спорт • 18 Қыркүйек, 2022
Белградта да бас жүлде бұйырмады
Сербияның астанасы – Белградта әйелдер күресінен аяқталған әлем чемпионатында төрт мемлекеттің өкілдеріне ғана бас жүлде бұйырды. Осы орайда Жапония құрамасының қарқыны өте күшті болғанын айта кетейік. Күншығыс елінің өкілдері 5 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль олжалады. Жалпы, олардың осы жарысқа келген тоғыз спортшысының барлығы да жеңіс тұғырына көтерілді. Яғни жапондар 100 пайыздық көрсеткішке қол жеткізді.