Театр • 21 Қыркүйек, 2021
Кейде, қолым бір қалт етіп босай қалған сәттерде, театрдан немесе теледидардан кісінің көптен бері қалғып кеткен ойлары мен кейбір сезім күйлерін қозғайтын тартымды спектакльдер мен кинофильмдерді іздеп жүріп көретінім бар. Өкінішке қарай, ондай классикалық дүниелер күнде туа бермейді емес пе, сондықтан да мұндай бақытты сәттер қай-қайсымыздың да басымызда көп ұшыраса қоймайды.
Әдебиет • 21 Қыркүйек, 2021
Қазақ шығармасы АҚШ-та бағаланды
Кейінгі уақытта қазіргі прозада жаңа есімдер мен жақсы жаңалықтар орын алып жүр. Мәселен, жуырда ғана жазушы Бақытгүл Сәрмекованың әңгімелері АҚШ-тағы PEN AMERICA 2022 әдеби грантын жеңіп алды. Шығармаларды ағылшын тіліне әдеби аудармашы Миргүл Қали тәржімалаған.
Спорт • 21 Қыркүйек, 2021
Тұңғыш турнир теннисшілерді Арқа төсінде тоқайластырды
Кеншілер астанасында үстел теннисінен ITTF Kazakhstan International Open-2021 халықаралық турнир өтті. Былтыр ғана бой көтерген Saryarka үстел теннисі орталығын екі күн дүбірге бөлеген додада Аустрия, Сауд Арабиясы, Үндістан, Беларусь, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстанның әр қиырынан келген 70-тен астам спортшы 30 мың АҚШ долларын құрайтын жүлде қорын сарапқа салды.
Тарих • 21 Қыркүйек, 2021
Жақында бас шаһарда көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Тәшеновке еңселі ескерткіш қойылып, тұғырлы тұлға халқымен қайта қауышты. Айта кетейік, елордадағы Ұлттық музейде ардақты азаматтың көзі тірісінде өзі тұтынған біраз жәдігерлері сақталған.
Өнер • 21 Қыркүйек, 2021
Арқа өңірі қашаннан өнерге бай, саз қонған, сөз дарыған ардақты мекен. Ұлы даланың сан ғасыр тарихын қобыз бен домбыраның қу шанағында сарнатқан небір талант осынау өлкеден өнерге ат қосты. Әрине, сайын Сарыарқадан ескен ұлы сарындар туралы айтқанда біздің құлағымызға ұлтымыздың төл аспаптарынан төгілген қою саз бірінші болып жететіні рас. Алайда біз оркестрлердің ішіндегі ең жоғары дәрежелісі – симфониялық оркестр туралы да ұмытпауымыз керек. Өнердің күрделі бұл саласы да Арқа даласынан асқақ қарайды. Айталық, Қ.Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігінің Еркеғали Рахмадиев атындағы симфониялық оркестрі өзінің ширек ғасырдан астам тарихында талай белестерді бағындырған іргелі ұжым.