Кейінгі уақытта қазіргі прозада жаңа есімдер мен жақсы жаңалықтар орын алып жүр. Мәселен, жуырда ғана жазушы Бақытгүл Сәрмекованың әңгімелері АҚШ-тағы PEN AMERICA 2022 әдеби грантын жеңіп алды. Шығармаларды ағылшын тіліне әдеби аудармашы Миргүл Қали тәржімалаған.

Туындыларды ағылшын тіліне аударуға гранттар беру арқылы жазушылардың әлем әдебиетіне қосылуына мүмкіндік жасауды мақсат еткен PEN/Heim аударма қоры 2003 жылы құрылған. Содан бері ағылшын тіліне аударылған он шығармаға грант бөлініп келеді.
«Бұл конкурсқа мен емес, АҚШ-та тұратын әдеби аудармашы Миргүл Қали қатысты. Аударма сәтсіз болса, жазушының жазғаны да түкке тұрмай қалуы мүмкін. Сондықтан бұл жерде Миргүлдің еңбегі зор, аударма жұмысы – үлкен шеберлікті, сезімді талап етеді. Шығарманың жанын жоғалтып алмай, көркемдігін жеткізе білу оңай емес», дейді Бақытгүл Сәрмекова.
Аудармашы автордың «Кейіпкер» кітабынан 3 шығарманы ағылшыншаға аударып, байқауға өткізген. Қазылар алқасы кітаптың әрі қарай аударылуына қызығушылық танытып отыр.
Жазушының айтуынша, аударма жұмыстары кезінде кейбір қазақ ұғымдарының ағылшын тіліне келе бермейтін тұстары да кездескен. «Мысалы, «Қарагер тай» әңгімесінде «сыйлыққа берген жылқының жынысы қандай болды?» деген сұрақ туындады. Біз жалпы «жылқы тұқымы» деп атай саламыз ғой, ағылшын тілінде оны анықтап көрсету керек екен. Ойлана келе, қазақтар ұрғашы малды тұқымдыққа алып қалады, сондықтан оны сыйға бере бермейді. Демек, сыйға тартылған тайдың жынысы еркек, яғни «colt» болады деп шештік», дейді автор.
Әдеби байқауға қатысқан көп үміткерлердің ішінен 10 жоба таңдалған. Оның ішінде тай, араб, қытай, румын, қазақ, суахили және т.б. ұлттар бар. Ресми хабарламада: «Бақытгүл Сәрмекова өзінің «Ақындары құрысын» атты әңгімелер жинағында қарапайым қазақ халқының патриархия, мәдени дәстүр мен постосоциолистік сілкіністің торында ұсталған, аянышты әрі күлкілі портреттерін ұсынады. Сәрмекова өз кейіпкерлерінің өмірінің шиеленістерін суреттей отырып, тапқырлықпен, әзілмен портреттерін нақты көрсетеді. Миргүл Қали өзінің шебер аудармасында бұл күнделікті шиеленістердің атмосферасын ептілікпен жаңғыртады», делінген.
Осы орайда АҚШ-та тұратын аудармашы Миргүл Қалиден алдағы уақытта мұндай байқауға кімнің шығармасымен қатысатынын сұрап көрдік.
«PEN/Heim гранты көркем аударма саласына жаңадан келіп, қолдау іздеген мамандарға арналған. Қайтадан тапсыруға шектеулері бар. Сондықтан дәл осы байқауға мен енді қатыспаймын. Дегенмен, басқа байқаулар бар, қарастыру керек», дейді ол. Сондай-ақ аударма саласындағы алдағы жоспарларымен де бөлісті.
«Қазіргі кезде үш жобам бар, оның үстіне University of Iowa-да көркем аударма магистратурасында оқып жатырмын, сондықтан алдыңғы екі жылда басқа ешкімді аударуға уақытым болмайды. Өзім шұқып отырып, мың тексеріп, өте жай аударатын адаммын. Бірақ ой-жоспарларым бар. Көбінесе мені классиктер қызықтырады: Аймауытов, Кекілбаев, Мағауин. Қазіргі қаламгерлерден Дидар Амантайдың шығармашылығы ұнайды. Бізде керемет, әлемді тамсандырып ойландыратын дүниелер көп қой. Ал мен орысша оқыған адаммын, қазақ әдебиетін жақсы білемін деп айта алмаймын. Соңғы жылдарда үзіп-жұлып оқығандарым бар, осылардан ұнағанын аударып жүрмін», деді.
ШҚО-да «BALKARAGAI TUNES» халықаралық музыка фестивалі өтеді
Аймақтар • Бүгін, 17:06
Павлодарда емханалардың жұмыс тәртібі өзгереді
Аймақтар • Бүгін, 16:55
«АМANAT» партиясы жанынан Энергетика комитеті құрылды
Қоғам • Бүгін, 16:24
Әлем • Бүгін, 16:06
Қазақстанда тұрмыстық техника 18 пайызға қымбаттады
Қоғам • Бүгін, 15:55
Қаржы • Бүгін, 15:47
«Самұрық-Қазына» «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясын IPO-ға шығатынын айтты
Қоғам • Бүгін, 15:37
Жолаушылар пойызы мен жүк көлігі соқтығысып, 3 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 15:25
Кәсіпкерден ақша талап еткен қылмыстық топтың мүшесі ұсталды
ANTIKOR • Бүгін, 15:17
«Бәйтерек» кешенінің құрылысы кейінге шегерілді
Қоғам • Бүгін, 15:08
Шекара қызметінің офицерлік құрамы 200 лейтенантпен толықты
Қазақстан • Бүгін, 14:57
Елордада қала күні қалай тойланады
Елорда • Бүгін, 14:50
Тарбағатай тұрғынынан 700 келіден астам балық тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 14:41
Биыл 7 мыңнан астам мүгедектігі бар адам жұмысқа орналасқан
Қоғам • Бүгін, 14:35
Өскеменде танысының 2 млн теңгесін жымқырған алаяқ ұсталды
Қоғам • Бүгін, 14:23
Іле Алатауының сел жүру қаупі бар аймақтарына бөгет салынады
Аймақтар • Бүгін, 14:06
Қаржы пирамидаларын басқарғандарға жаза күшейтіледі
Қоғам • Бүгін, 13:50
Алматыда жаңа туған сәбилерді сайт арқылы саудалаған
Қоғам • Бүгін, 13:37
Ақпараттық қауіпсіздікті дамытуға қатысты заң қабылданды
Қазақстан • Бүгін, 13:25
Сенат төрағасы сессия жұмысын қорытындылады
Үкімет • Бүгін, 13:13
Қарағандыда халықаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды
Оқиға • Бүгін, 13:00
Атырауда «Жайық Жарығы» ЖШС директоры сотталды
Оқиға • Бүгін, 12:51
Өскеменде балалардың үстіне аялдама құлады
Аймақтар • Бүгін, 12:40
Ресми хабар таратудың жаңа форматына көшу керек – Смайылов
Қазақстан • Бүгін, 12:32
Шавкат Рахманов UFC рейтингінде үздік ондыққа кірді
Спорт • Бүгін, 12:28
ШҚО-да көліктік бақылау инспекциясының 7 қызметкері ұсталды
ANTIKOR • Бүгін, 12:19
Үкімет зейнет жасын төмендету мәселесін талқылаған жоқ – Вице-Премьер
Қоғам • Бүгін, 12:10
Көкшетауда полиция облыстық соттың ғимаратын қоршауға алды
Аймақтар • Бүгін, 12:02
Қостанай халықаралық әуежайына Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді
Қоғам • Бүгін, 12:01
Мүгедектігі бар 7 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты
Қоғам • Бүгін, 11:53
Қаржы министрі қанша жалақы алатынын айтты
Қазақстан • Бүгін, 11:43
ҰҚК дәрілік заттардың контрабандасының жолын кесті
Қоғам • Бүгін, 11:38
Техаста қараусыз қалған жүк көлігінен 46 адамның мәйіті табылды
Әлем • Бүгін, 11:22
Мемлекеттік қызметтер мобильді қосымша арқылы жиі алынады
Қоғам • Бүгін, 11:08
Семейде 3 жасар бала алтыншы қабаттан құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 11:00
Үкімет жұмысына жұртшылық пен БАҚ сынының себептері аталды
Қазақстан • Бүгін, 10:52
Есеп комитетінің мүшесі қызметінен босатылды
Қазақстан • Бүгін, 10:43
Әлихан Смайылов БАҚ өкілдерін құттықтады
Үкімет • Бүгін, 10:39
БАҚ саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде
Қазақстан • Бүгін, 10:35
Ұқсас жаңалықтар