ЭКСПО-2017 • 08 Қыркүйек, 2017
ЭКСПО халықаралық көрмесі алаңында Польша Республикасының ұлттық күні аталып өтті.
Қазақстан • 08 Қыркүйек, 2017
Астанадағы Кәсіподақтар үйінде Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының ұйымдастыруымен «Сананы жаңғырту және кәсіподақтар: келешегі мен жүзеге асыру жолдары» деген тақырыппен республикалық форум өтті.
Қоғам • 08 Қыркүйек, 2017
Мұсылман үмбетінің мақсаты – ықпалдастық
Қазақстан көпвекторлы сыртқы саясатының арқасында экономикасы қалыптасқан, болашағы зор, халықаралық қоғамдастықта беделді елге айналуда. Еліміз әлемдік интеграция идеясының қолдаушысы тұрғысында танылып, көптеген халықаралық ұйымдардың белсенді және беделді мүшесі болуда. Соның бірі – Ислам ынтымақтастығы ұйымы (ИЫҰ). Бұл мұсылман үмбетін әлемдік күш орталығы ретінде танытатын институционалдық құрылым. Аймақтағы қиындықтар мен қақтығыстардың, күрделі геосаяси қайшылықтардың, сондай-ақ батыс елдерімен арадағы шиеленісті жағдайдың болғандығына қарамастан Ұйымның даму әлеуеті айтарлықтай. Бүгінгі таңда ИЫҰ қауіпсіздіктің халықаралық құрылымының құрамдас бөлігіне айналып, әлемнің даму бағытына барынша ықпал етуде.
Инновация қазақ ғылымына жат емес
Инновация, сөзсіз, экономиканың басты қозғаушы күші болып табылады. Оның көмегімен барша әлем үшінші индустриялық революцияны жасамақ. Мұның концепциясын америкалық ғалым Джереми Рифкин жасаған болатын.
Технология • 08 Қыркүйек, 2017
Қазақстанда баламалы энергия көздерінің үлесі 2020 жылы 3 пайызға, 2030 жылы 10 пайызға, 2050 жылы 50 пайызға дейін жетеді деп жоспарланған. Ал алдағы жылдары энергетика саласына тартылатын инвестициялардың 97 пайызы жеке секторға тиесілі болмақ. Бұл туралы кеше Астанада XI Еуразиялық KAZENERGY форумында еліміздің Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді. Аталған форумда министр энергетика саласында қолға алған ауқымды шараларды айтып, болашақтың бағыт-бағдарын баяндады.