Сұхбат • 21 Қыркүйек, 2021
Қолымнан тек бокс бапкері болу келеді - Сайын Аратаев
Бүгінгі қазақ боксында Сайын Аратаевтай бапкерлер некен-саяқ... Неге дейсіз ғой. Олай болса тыңдаңыз. Біріншіден, бұл кісі бір жерде – Қарағандыдағы Әлия Молдағұлова атындағы спортқа бейімді, дарынды балаларға арналған мектеп-интернатта табан аудармай 42 жыл қызмет етті. Екіншіден, Сәкең – Афина Олимпиадасының қола жүлдегері Серік Елеуов пен Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиевті балаң кездерінде жаттықтырған жампоз бапкер. Әлбетте, былайғы жұрт мұны біле де бермейді. Бір есептен, Сайын Аратаевтың өзінен де бар. Басқалар болса баяғыда-ақ жер-дүниеге жар салып, кеуде соғып жүрер еді-ау. Ал Сайын ағамыз болса өйтпеді. «Шәкірттерім мені көрген жерінде жандары қалмай, асты-үстіме түсіп жатады. Соның өзі жетеді маған», деп күрек тісін ақситып күледі де тұрады...
Оқиға • 21 Қыркүйек, 2021
Санаулы күндерден кейін, дәлірек айтсақ осы жылдың 1 қазанында Дубайда ЕХРО-2020 дүниежүзілік көрмесі ашылады. Жер-жаһан көз тігіп отырған айтулы шараға Қазақстан да қатысады. Бұл Таяу Шығыс аймағында ұйымдастырылып отырған алғашқы дүниежүзілік көрме.
Ел және Елбасы • 21 Қыркүйек, 2021
Алға бастайтын бағыт-бағдар айқын
2021 жыл Қазақстан үшін ерекше мәнге ие. Еліміздің Тәуелсіздік алғанына 30 жыл толғалы отыр. Бұл – басты ұлттық мерекеміз. Тәуелсіздік әлемдегі кез келген мемлекет секілді Қазақстанға да егемендіктің сенімді әрі берік негізін қалыптастырып берді.
Экономика • 21 Қыркүйек, 2021
Тұрақты азық-түлік жүйесін қаржыландыру
БЕЙЖІҢ. Жаһандық азық-түлік жүйесі тұрақты емес. Оның құны жылына шамамен 8 триллион долларды құраса, теріс әсері 12 триллион доллардан асып кетті. Бұл жүйенің бір ғана қарама-қайшылығы емес. Әлемде азық-түлік жүйелері климаттың өзгеруіне әсер етеді (ауа райының бұзылуы мен температураның жоғарылауы) және оған айтарлықтай үлес қосады (парниктік газдар шығарылымы мен биоәртүрліліктің жойылуы). Осы саладағы миллиондаған жұмыс орнының көбі қара күшті қажет етеді әрі жалақысы төмен. Ең маңыздысы, басты мақсаты – баршаға қолжетімді, пайдалы тамақпен қамтуға қол жеткізе алмайды.
Әлем • 21 Қыркүйек, 2021
БРЮССЕЛЬ. Норвегиядағы кейінгі оқиғалар алдағы қарашада Глазгода өтетін БҰҰ-ның климаттың өзгеруі жөніндегі конференцияда (COP 26) айтылатын климатқа қатысты міндеттемелерге әсер етуі мүмкін.