Қазақстан • 10 Қыркүйек, 2019
Моңғолиядан тағы да көш келді!
– Менің отбасым 82-дегі қарт әжеммен, 6 баламен елге оралдық. Үлкен балам мектеп бітіріп келді. Ағылшын тілін жақсы меңгерген. Кішкентай балам енді 3-сыныпқа барады, – дейді Кенжехан Төлеу. Кенжехан Төлеумен бірге, Кәмелхан Амандық, Дәлелхан Қуаныш, Хасым Жанаргүл, Қуанбай Аманбол, Жұпархан Аманбек сияқты отбасыларының әрқайсысы 5-6-дан ұл-қыздарын жетелеп елге жетті. Бізді ауыл мектептерінің балаға толатыны қуантады.
Қоғам • 10 Қыркүйек, 2019
Қиырдағы қазақтың әлеуетін қалай көтереміз?
Әлем қауымдастығы алдында тәуелсіз ел ретінде өмір сүріп отырған этностардың басты қорғаны – мемлекеті мен оның мызғымас шекарасы десек, одан кейінгі қажеттіліктер қатарына: тілі, діні, салт-дәстүрі, тарихы мен мәдениеті, сонымен бірге демографиясы кірері анық. Бұрынғы бабаларымыз «көп қорқытады, терең батырады» дегенді бекер айтқан жоқ. Бұл тәмсіл бүгінгі таңда «демографиялық саясат» деген атпен өзекті болуда.
Аймақтар • 10 Қыркүйек, 2019
Алатаудан Арқаға аттанған көш: жаңа қоныс, жаңа өріс
Бүгінгі таңда елімізде ішкі көші-қон үдерісін дамыту мақсатында мемлекет тарапынан тиісті қолдау көрсетіліп келеді. Әлеуметтің әлеуетін арттыру да ел экономикасын ілгерілетудің тиімді тетігі ретінде қарастырылып отыр. Мұнымен қоса, елімізде жұмыссыздық мәселесін шешу, жастарды өз мамандықтары бойынша жұмыспен қамту мемлекет қолға алған мәселенің бірі. Бұл ретте елімізде «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы қабылданғаны белгілі. Аталған бағдарлама еліміздегі көптеген азаматқа септігін тигізіп, оларды тұрақты жұмыспен қамтуда белсенділік танытты.
Қоғам • 10 Қыркүйек, 2019
NEET жастар: саны да, сапасы да беймәлім топ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына арнаған Жолдауында «Жыл сайын 21 мыңға жуық мектеп түлегі кәсіби және жоғары оқу орындарына түсе алмай қалады. Жастардың бұл тобы жұмыссыздар мен маргиналдардың негізін құрайды. Олар амалының жоқтығынан қылмыстық және экстремистік ағымдардың ықпалына түсуде» деген еді. Осылайша жастарды жұмыспен қамту мәселесінің өзекті екенін айтқан. Соңғы алты айда осы NEET жастардың саны 0,7 пайызға төмендеді.
Руханият • 10 Қыркүйек, 2019
Қос алыптың мерейтойларына дайындық жұмыстары талқыланды
Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы және Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі Мемлекеттік комиссияның отырысы өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.