Президент • 09 Қыркүйек, 2019
Президент «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ басқармасының төрағасы Серік Ақшолақовты қабылдады
Кездесу барысында Қазақстан Президентіне Орталықтың соңғы 10 жылда атқарған жұмыстарының нәтижелері мен оны дамытудың келешегі жөнінде баяндалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 09 Қыркүйек, 2019
Ақтаудағы зияткерлік мектепте Абай мен Әбіш кабинеттері ашылды
Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына және киелі Маңғыстау жерінің төл тумасы, қаламгер, қайраткер Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдығына орай арнайы оқу кабинеттері ашылды. Бұл туралы аталмыш оқу орнының баспасөз қызметі хабарлады.
Спорт • 09 Қыркүйек, 2019
Фристайлдан Олимпиада чемпионы Қазақстан акробаттарының кеңесшісі болып тағайындалды
Бүгін Қазақстан ҰОК-тың штаб-пәтерінде фристайл-акробатикадан ұлттық құраманың жаңа кеңесші-жаттықтырушысы Антон Кушнир ресми түрде таныстырылды. 35 жастағы беларусь маманы, 2014 жылғы Сочи Олимпиадасының чемпионы қазақстандық акробаттарды жаттықтыруға көмектеседі деп хабарлайды Olympic.kz.
Руханият • 09 Қыркүйек, 2019
Гүлдер неге көріктімін демейді?
Бүгін назарларыңызға жас ақын Алпамыс Файзолланың бір топ жаңа өлеңін ұсынып отырмыз. Алпамыс – жаңа заман жыршысы. Оның бойындағы бағалап айтатын ең ерекше қасиет – Алпамыстың ағылшын тіліне жетік сауаты. Әлем әдебиетін түпнұсқадан оқып қана қоймай, қазақ тіліне көркем тәржіма жасап жүрген жас ақынның талабына сәттілік тілейміз. Алпамыс ФАЙЗОЛЛА – 1995 жылы 6 наурызда Орал қаласында дүниеге келген. 2016 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін, 2018 жылы Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың филология факультетінің магистратурасын тәмамдаған. Өлеңдері «Ақ желкеннің ұландары», «Жауқазын жылда гүлдейді», «Өлмес өлең» т.б. жастар жинақтарына енген. Көптеген республикалық байқауларда жүлдегер болған.
Спорт • 09 Қыркүйек, 2019
Бокстан әлем чемпионаты басталды
Бүгін Ресейдің Екатеринбург қаласында бокстан әлем чемпионаты басталды. Бұл жарыста 88 мемлекеттен келген 467 былғары қолғап шеберлері бақ сынауда.