Спорт • 09 Қыркүйек, 2019

Бокстан әлем чемпионаты басталды

287 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Ресейдің Екатеринбург қаласында бокстан әлем чемпионаты басталды. Бұл жарыста 88 мемлекеттен келген 467 былғары қолғап шеберлері бақ сынауда.

Бокстан әлем чемпионаты басталды

Қазақстанның боксшылары өздерінің тұсаукесер кездесулерін ертең өткізеді. Біздің жігіттердің алғашқы қарсыластары мыналар:

52 кило: Сәкен Бибосынов – Харху Энхмандах (Моңғолия)
57 кило: Қайрат Ералиев – Шарафа Раман (Германия) мен Йоэль Сегундо Финол Ривас (Венесуэла) арасындағы жұптың жеңімпазымен айқасады
63 кило: Зәкір Сафиуллин – Бақтияр Ғазибаев (Әзірбайжан)
69 кило: Абылайхан Жүсіпов – Вуттичай Масук (Таиланд) пен Евгений Долголевец (Беларусь) арасындағы жұптың жеңімпазымен айқасады
75 кило: Тұрсынбай Құлахмет – Милос Бартл (Чехия) мен Михаил Остроумов (Израиль) арасындағы жұптың жеңімпазымен айқасады
81 кило: Бекзат Нұрдәулетов – Хонг Инги (Оңтүстік Корея)
91 кило: Василий Левит – Сандагсурен Ергембаяр (Моңғолия) мен Давид Михалек (Словакия) арасындағы жұптың жеңімпазымен айқасады
+91 кило: Қамшыбек Қоңқабаев – Гадфа Дрисси (Испания) мен Петар Белберов (Болгария) арасындағы жұптың жеңімпазымен айқасады.