Қазақстан • 05 Қыркүйек, 2018
Қаражыра көмірі қайда жөнелтілуде?
Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов шаһарды жылумен қамту маусымы алдында «Қаражыра» ЖШС-інде болды. «Қаражыра» ЖШС-нің бас директоры Марғұлан Мақышевтың айтуынша, кеніште көмір қоры жеткілікті болғанымен соңғы екі айда қатты отынды таситын вагондар жетпей жатыр. Ал қыр астында қылышын сүйретіп қыс келеді.
Қазақстан • 05 Қыркүйек, 2018
Нұрлан Нығматулин Мәжілістің басты міндеттерін атады
Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин жаңа сессия барысындағы басты міндеттерді атады.
Ерлерді ел де, жер де ұмытпайды (Әшір Бүркітбаев туралы)
Қазақ тарихындағы қасіретті кезеңнің бірі отыз жетінші жылдың қызыл қырғынында жазықсыз құрбан болған Алаш арыстарының ішінде Әшір Бүркітбаев та бар еді. Ол Әулиеатаның Сарысу ауданы Жон өңіріндегі Қаратас ауылында дүниеге келген. Қазақтың барлық тағдырлы азаматтары сияқты Әшір де жастайынан жетім қалып, қиянат көреді. Ағасы Досай екеуі бай-манаптың малын бағып күнелтеді. Алайда байдың озбырлығына шыдамаған олар 1919 жылы қашып шығып, Ташкент қаласына бара жатқан саудагер-арбашыларға ереді.
Тарих • 05 Қыркүйек, 2018
Ақтауда Сафи Өтебаевқа бюст қойылды
Дала төсінен қара алтын дариясын игеріп, ел ырысын еселеп жүрген маңғыстаулық мұнайшылардың көшбасында тұрған тұлғалардың бірі – Сафи Өтебаев. Даңқты мұнайшының есімі мен ерен еңбегін мұнайшылар ғана емес, барша маңғыстаулықтар құрметпен атап, ықыласпен еске алады. Қазақстан Республикасы Конституциясы күні және Мұнай-газ кешені қызметкерлері күніне орай Ақтауда «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамының еңселі ғимараты алдына Сафи Өтебаевтың көрікті кеудемүсіні қойылды.
Ауыр атлетика • 05 Қыркүйек, 2018
Толағайлар қатары толығып келеді
Қазақстан ауыр атлетикасының өрлеу кезеңі Қайрат Тұрлыхановтың есімімен тығыз байланысты. Іскер басшы республикалық федерацияның тізгінін ұстаған жылдары отандық зілтеміршілер халықаралық аренада орасан зор табысқа қол жеткізіп, түрлі-түсті медальдарды «күреп» алды. Талай алпауыттардың шаңымызға ілесе алмай, артымыздан сығалап қалғаны да күні кеше ғана еді. Тіптен, Олимпия ойындары мен әлем чемпионаттары секілді мәні зор, мәртебесі биік, бәсі бөлек байрақты бәсекелердің командалық есебінде Қазақстанның ұлттық құрамасы үнемі үздік үштіктің қатарында жүрді.