Қоғам • 28 Қыркүйек, 2023
Қарттар күніне орай 234 мың адамға қаржылай көмек көрсетіледі
Біржолғы материалдық көмек Астана, Қарағанды, Маңғыстау, Түркістан, Жетісу, Ұлытау облыстарындағы қарияларға төленеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 28 Қыркүйек, 2023
Израиль технологияларынан үйренеріміз көп
Премьер-министр Әлихан Смайылов пен «Израиль-Қазақстан» сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Михаэль Роэ Қазақстанда агроөнеркәсіп кешенін дамыту және су ресурстарын басқару жөніндегі израилдік тәжірибені қолдану перспективаларын талқылады.
Энергетика • 28 Қыркүйек, 2023
Ел көлеміндегі энергия көздері қатарындағы көгілдір отын – газ саласының соңғы кездегі қарқыны жақсы. ХХІ ғасырдың ортасына қарай көмірсутекті газ отынының әлемдік энергетикалық баланстағы үлесі 30 пайызға дейін жетуі мүмкін. Дүниежүзілік нарықта газға деген сұраныстың артуы жағдайында оны өндіру, өңдеу, жеткізу көздеріне деген бәсекелестік те қатты өсіп келеді. Осы фактордың барлығы «QazaqGaz» ұлттық компаниясының құрылуына себеп болды.
Шаруашылық • 28 Қыркүйек, 2023
Мақта шаруашылығы мемлекет қолдауына мұқтаж
Түркістан облысында мақта теру науқаны басталды. Осыған орай БАҚ өкілдері «Қазагроқаржы» АҚ ұйымдастырған баспасөз турымен Ордабасы ауданы Төрткөл ауылындағы «Рамазан-Агро» ЖШС-ның егістік алқабында болып, мақта өңдеу зауытының жұмысымен танысып қайтты.
Таным • 28 Қыркүйек, 2023
«Шыңға шық – өлгің келсе егер, шыңға шық – өлгің келмесе» деп аяқталады Жұматай Жақыпбаевтың бір өлеңі. Бұл қандай шың? Бір шыңға шықса, екіншісін бағындырғысы келіп тұратын адам емес пе? Жүрегін Құдайға байлағандарға шың да күлкілі болып қалуы мүмкін. Өйткені бұл дүниедегі өлшем мен межені белгілеушілердің көбі жұмырбасты пенде. Сондықтан белгілі бір деңгейге барғанда кейбір шығармалар бұлдырап кете барады. Былайша айтқанда, «құйрығын» ұстатпай әртараптанып, нақты бірдеңе деп айту қиынға соғады. Оны автор біліп, бәлкім білмей істеді. Өйткені адам ұстағанымен, қаламды белгілі бір деңгейде бір құдіреттің тербейтінін жоққа шығаруға болмайды. Автор ойламаған жерден бұрылыс жасап, бұрылысынан құбылыс туып, сонысына кейін өзі де сенбей қарап отыруы кәдік.