Зерде • 07 Қыркүйек, 2024
«Сенім» сөзінің түбірі – «сен». «Сен» болғанда, етістік нұсқасында емес, кәдімгі есімдік. «Менің СЕН+ім» деген тәуелдік мағынасындағы тіркес. Бұл жаңылтпашқа қалай қарайсыз, аға?». Әдетте екеуіміздің әңгімеміз тұтқиылдан осылай оңай басталып кете беретін.
Тұлға • 07 Қыркүйек, 2024
Әлкей Хақанұлы Марғұлан – сан-салалы ғылымның тарауын жүйрік білетін, араб-парсы, түрік тілдеріне жетік, латынша, ағылшынша, немісше, французша танитын, екі тілде еркін көсілетін, әр құбылысты егжей-тегжейлі ұшан-теңіз мысал-деректермен тексеретін білімі телегей-теңіз айтулы оқымысты. Жастайынан туған халқымыздың таңғажайып тамаша көркем мұраларынан нәр алып, Фирдоуси, Сағди, Хафиз, Науаи сынды Шығыстың ойшыл алыптарының туындыларын түпнұсқадан оқыған көкірегі нұрлы жан.
Тағзым • 07 Қыркүйек, 2024
Көзі ашық қазаққа Алаш қайраткері Ахмет Бірімжанды таныстырып жату артық.
Отбасы • 07 Қыркүйек, 2024
Отбасылық кәсіптің орайын тапқан
Біріне бірі жақын, жанашыр, сыйлы жандардың дүниеге көзқарасы, арманы, ұстанымы ұштасса, мақсат-мұратына оңай жетеді. Біздің кейіпкеріміз Нұрлан мен Алтынай отбасымен бірге біраз жыл қалада тұрғанымен ауылға барып, отбасылық кәсібін дөңгелетуді ұзақ ойластырған. Ұлы ержетіп, қыздары бойжеткенде қаладағы қым-қуыт тіршіліктен алыстап, отбасылық кәсіпті әуелі қораны малға толтырудан бастаған.
Отбасы • 07 Қыркүйек, 2024
Тұмса табиғаттың тау-тасын аралап, бұлақ суынан мейір қандырып, саф ауасымен тыныстау, құстардың сайраған үніне құлақ түріп, жел тербеген гүлдерін сүйсіне тамашалаудан асқан демалыс бола ма? Ал оған отбасымен шығып, балаларға сыр тұнған сай-саласын аралатып, қарағайын саялатып, тасқа бүгілген тарихын таныстыру да ата-ананың бір парызы болса керек. Сонау жалындаған жастық шағынан бері иығына фотоаппаратын асынып, тамылжыған табиғаттың сан алуан ғажайып көрінісін, қайталанбас сәтін түсіруді айнымас әдетке айналдырған Нұрболат Тастанқұлов жылдың төрт мезгілінде де отбасылық демалыс ұйымдастыруды дағдыға айналдырған.