Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2018
Еліміздің барлық өңірінде ұйымдастырылған жалпықазақстандық ашық диктант шарасынан Қарағанды қаласы да тыс қалған жоқ. Облыс әкімдігі аппаратының «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйытқы болуымен өткен ашық диктант елорданың 20 жылдығына арналып, «Астана – бейбітшілік бесігі» тақырыбында өтті. Шараға облыс бойынша 40 мыңға жуық адам қатысты.
Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2018
Теміртау қаласының маңындағы Жаңғыз төбе мен Жұмақ дөң деген жерлерге жетсеңіз, қиялға қанат бітіріп, ХІХ ғасырдан бір-ақ шығасыз. Мұндай мүмкіндік жергілікті тарихи-өлкетану мұражайы 29 қыркүйек күні ұйымдастырғалы отырған «Жауыртаудағы кездесу» форум-фестивалі кезінде туады.
Хоккей • 27 Қыркүйек, 2018
Астананың «Барысы» «Витязь» командасымен болған ойында жеңіске жетті
Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) кезекті ойынында елорданың «Барысы» Подольскіде Мәскеу облысының «Витязь» командасымен күш сынасты.
Әлем • 27 Қыркүйек, 2018
Астанада өткен ЭКСПО халықаралық көрмесі «Болашақтың энергиясы» тақырыбын тереңнен талқылауға арналған әлемдік деңгейдегі өте керемет алаң болды. Онда біздің Жапония да бұл саладағы өзінің айтулы жетістіктерін әлем назарына паш етуге мүмкіндік алды. Ең бастысы, осы көрме арқылы көптеген жапон тұрғындары Қазақстанның тартымдылығымен талайды тамсандырған астанасымен танысты. Елдер арасындағы ымыралы ынтымақтастық арта түсті. Осы ретте жылы қабылдаулары үшін Қазақ еліне ерекше алғыс айтқым келеді.
Қазақстан • 27 Қыркүйек, 2018
Әлемдік нарықта алтын саудасы қызып тұр
Қазақстан 100 мемлекеттің ішінде алтын қоры бойынша 15-орынға табан тіреп, алтынға малынған елдерді басып озды. Таяуда Ұлттық банк алтын құймаларды жаппай сатып алудың себептерін түсіндіріп, әлемнің назары неліктен алтынға ауып отырғанын айтып берді.