Қоғам • 27 Қыркүйек, 2024
Жошы ұлысының мерейтойына орай ұйымдастырылған «Талас –Ұлытау – Сарайшық» республикалық тарихи-этнографиялық экспедициясы Сыр еліне жетті. Облыс аумағына енген сәттен-ақ ортағасырлық Сығанақ қаласымен, сәл кейін облыстық тарихи-өлкетану музейінде өңір тарихымен танысқан қонақтар Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханадағы кездесуде жергілікті тарихшылармен пікір алмасып, ой бөлісті.
Мирас • 27 Қыркүйек, 2024
1959 жылы Қаныш Сәтбаев Баянауылдағы туған ауылына келіп, ата-анасының рухына тағзым етіп, ас береді. Бұл ғұламаның туған еліне деген сағынышын басқан соңғы сапары екен. Сол сапарында кіндік қаны тамған Айрықпен қимай қоштасқан Қанағаң Жанақ ақынның «Баянтау» дастанын кең даланы жаңғырықтыра жатқа айтып, көзі шарасына толып, қатты толқыпты.
Туризм • 27 Қыркүйек, 2024
Әулиелі жер туриске де тартымды
Қайбір жылдары рухани сапармен Түркістан облысында болдық. Сапар басы Отырар ауданындағы Арыстан бабтан басталған еді. Облыс орталығынан 50 шақырымнан әрі жатқан Шәуілдірдегі киелі орынға қою қараңғыда жеттік.
Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2024
Биыл жазда еліміздің солтүстігіндегі өлкелер жауын-шашынды болғанына қарамастан, туристік маусымда «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне жарты миллионға жуық қонақ барған.
Туризм • 27 Қыркүйек, 2024
Ел азаматтары отандық демалыс орындарында саяхаттауды жиілете бастаған. Мұны ресми деректер де растайды. Қазір еліміздегі туризмнің ахуалы қандай? Бұл саланың біз күткендей дәрежеге жетуіне қандай факторлар кедергі болып отыр? Мәселенің мән-жайы Дүниежүзілік туризм күні қарсаңында «Қазақстандағы тұрақты туризм» тақырыбында Fishbowl-пікірталас алаңында талқыланды.