Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2024
Қала аумағы ұлғаятын күн жақын
Біршама уақыт бұрын облыс орталығы Тараз қаласының аумағы айтарлықтай ұлғаятыны туралы әңгіме жиі айтыла бастаған еді. Тіпті, жаңадан құрылатын екі ауданға «Алатау», «Қаратау» деп ат қою туралы ұсыныстар да болған. Баянды бастаманы жүзеге асыратын күн алыс емес. Қазіргі кезде қала басшылығы осы бағытта жұмыс атқарып жатыр.
Футбол • 06 Қыркүйек, 2024
Қазақ футболының бүгіні мен ертеңі
Бүгін Ұлттар лигасы аясында Қазақстан құрамасы Алматының Орталық стадионында Норвегия футболшыларын қабылдайды. Станислав Черчесов баптайтын жігіттер бұл ойынға қаншалықты дайын екенін жасыл алаңдағы қимылынан білетін боламыз. Біздің бар білетініміз 2002 жылы УЕФА құрамында доп тебуге мүмкіндік алған ел аяқдоп шеберлері 22 жыл өтсе де ірі додаларға қатыса алмай келеді. Неге? Бұл көкейдегі сұрақ спорт функционерлерін, футбол мамандарын, тіпті психологтерді де толғандырады.
Қазақстан • 06 Қыркүйек, 2024
Сенат Төрағасы ел мәртебесін асқақтатқан чемпионды құттықтады
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Ақмарал Науатбекті айтулы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 06 Қыркүйек, 2024
Атырау облысынан V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарына 3 спортшы қатысады. Ұлттық спортты серік еткен олар осы кезге дейін республикалық чемпионатқа қатысып, үздік атанып жүр.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 06 Қыркүйек, 2024
Сұңқарлар сайысының жөні бөлек
Дүбірі жақыннан естілетін V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының инфрақұрылымы да барлық талапқа сай жабдықталған. Дүбірлі дода өтетін нысандарға жөндеу жұмысы жүргізіліп, талапқа сай жаңартылды. Төрткүл дүниенің әр тарабынан келетін қатысушылар үшін барлық жағдай жасалмақ. Дүниежүзілік көшпелілер ойындарына арнайы соғылған атқора, құстарды ұстайтын орын, жануарлардың жемшөбі мен суын сақтайтын қойма, жарақаттанған жағдайда емдік шарасын көрсететін ветеринарлық клиника доданы қабылдауға дайын.