Қоғам • 06 Қыркүйек, 2024
Мемлекет басшысының жыл сайынғы халыққа Жолдауы – оның Ата заңда бекітілген конституциялық міндеті ғана емес, ол – мемлекеттік саясатты қалыптастырудағы ең маңызды институт. Қоғам өмірінің көптеген саласына қатысты сөз қозғалған биылғы құжаттың да көтерер жүгі мол. Қазіргі таңда бүкіл ел көлемінде Жолдауда айтылған келелі ойларды талқылау басқосулары өтіп жатыр.
ЖОЛДАУ • 06 Қыркүйек, 2024
Астана қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері бас қосып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халыққа арнаған Жолдауына қатысты пікір алмасып, ортақ мүдделер төңірегінде ой бөлісті.
ЖОЛДАУ • 06 Қыркүйек, 2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында еліміздің даму бағыттары айқындала түсті.
ЖОЛДАУ • 06 Қыркүйек, 2024
Президент Жолдауын ұжымымызбен ықыласпен тыңдап, зерделедік. Мемлекет басшысы дәстүрлі Жолдауларында қоғамның негізгі факторы – адам денсаулығын жақсарту мәселесін алдыңғы орынға қойып келеді. Бұл жолы да ұлт саулығын нығайту үшін кешенді шараларды қолға алып, халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғырту керектігі айрықша аталды.
ЖОЛДАУ • 06 Қыркүйек, 2024
Әлем күн сайын қарқынды дамып, бүгін жасалған ірі өзгерістің ертең терістеліп, жаңалыққа ілесіп, тұрақтылық қалыбын сақтауы қиынға соғып келеді. Бұл саясат пен экономикаға қатысты емес, жалпы жаһан тыныстап отырған маңызды саланың бәрі де даму жүйесіндегі қарқынға ілесіп, ілкімді іс атқарудан сырт қалғысы жоқ. Қазақстан әлемдік даму жүйесінің бір бөлшегі болғандықтан, жаһандық ағыстың жалына жармасып, өркениетке ілесуді асыл мұраты тұтады. Бұл даму мұратын Мемлекет басшысы жыл сайын жасайтын Жолдауында жан-жақты саралап, дұрыс бағыт белгілеп келеді. Жазушылар одағы хатшылығы толық құрамда бас қосып, ұйымдастырған кеңейтілген мәжілісінде Жолдаудың ең алдымен осы ерекшелігіне тоқталды.