Президент • 02 Қыркүйек, 2019
Президент Жолдауында халықты әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері қамтылады
Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жариялады.
Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2019
«Батыс» Өңірлік қолбасшылығында әскери байланысшылардың ауқымды оқуы аяқталды
Атырау облысында «Батыс» Өңірлік қолбасшылығының әскери байланысшылары шартты қарулы қақтығыс жағдайында байланыс жүйесін орналастырды. Негізгі тапсырмалар байланысшылармен орындалды. Бұл туралы «Батыс» ӨңҚ баспасөз қызметінен хабарлады.
Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2019
Ақтау қаласында Өзбекстан Республикасының Бас Консулдығы ашылды
Ақтау қаласында Өзбекстан Республикасының Бас Консулдығының ашылу рәсімі өтті. Бұл бауырлас қазақ пен өзбек елдерінің арасындағы достық қарым-қатынасты одан әрі нығайту жолындағы маңызды шаралардың бірі. Тарихи сәттің тағы бір ерекшелігі - Өзбекстан Республикасының Бас Консулдығы Қазақстан Республикасының Конституциясы күні және Өзбекстан Республикасының Тәуелсіздігі күні аясында ашылуда. Сондай-ақ 2019 жылы Өзбекстан елінде Қазақстанның жылы деп жарияланып, жоғары деңгейде ұйымдастырылуда.
Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2019
«ҚазМұнайГаз» басшысы Маңғыстау өңірінің мұнайшыларын құттықтады
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Алик Айдарбаев Маңғыстау облысының мұнайшыларын кәсіби мерекемен және қазақ мұнайының 120 жылдық мерейтойымен құттықтады. Салтанатты іс-шаралар 2019 жылдың 30-31 тамызында Жаңаөзен және Ақтау қалаларында өтті.
Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2019
Маңғыстауда жауынгерлік авиацияның қатысуымен оқу-жаттығулар өтіп жатыр
Маңғыстау облысында әскери ұшақтардың қатысуымен барлау бөлімшелерінің арнайы тактикалық жаттығулары өтіп жатыр. Оқуға барлығы 500 әскери қызметші мен 50 бірлік жауынгерлік техника жұмылдырылған. Бұл туралы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы Басқармасының баспасөз қызметінен капитан Рустем Игисинов хабарлады.