Аңдатпа • 27 Қыркүйек, 2024
2 қазан - Сәкен театры – Павлодарда С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық Қазақ драма театрының Павлодар қаласына гастрольдік сапары аясында О.Бөкейдің «Атау кере» драмасы сахналанады. Режиссері – А.Салбан.
Таным • 27 Қыркүйек, 2024
Ғалам ғажаптары: «Үйлен» дейді Үкімет...
Оңтүстік Кореяда отбасын енді құрған ерлі-зайыптыларға төрт күндік жұмыс аптасы енгізіледі. Ол елдегі демографиялық ахуалды жақсарту үшін жасалмақ.
Өнер • 27 Қыркүйек, 2024
Елордалық труппа – Аспендос сахнасында
«Астана балет» театрының труппасы Аспендоста (Түркия) өткен XXXI халықаралық опера және балет фестиваліне қатысып, зор ықыласқа бөленді. Айта кетейік, елордалық өнер ұжымы аталған фестивальға шақырылған жалғыз шетелдік труппа.
Қоғам • 27 Қыркүйек, 2024
Саналы өмірін өнерге арнаған жанкешті жандар өзі таңдаған жолда кездескен барлық қиындықты мойымай көтереді. Соңғы бірнеше жылдың бедерінде «Алатау» фольклорлық ансамблін төрге сүйреп жүрген Дастан Көреген қандай мехнат көрсе де, адалдықтың ақ жолынан айныған емес. Жеті жылдан астам уақыт бойы фольклорлық ансамбльдің отымен кіріп, күлімен шығып жүрген өнер иесіне әріптестерінің құрмет көрсетуі – заңдылық.
Өнер • 27 Қыркүйек, 2024
Тәуелсіздіктің арқасында қазақ қоғамы өзгерді. Технократияға ұмтылыс басымдық алды. Әрине, оның шаруаға тигізетін пайдасы аз емес. Ұлттық руханияттың жағдайы да экономикамен бірге ширауы керек еді. Ата-бабадан қалған айнымас жолымыз бар. Бәрі санамызда кестеленіп, миымызға орнықпаса, қарын тойдырғанның біржақты көрсеткіші кемелденудің кепілі бола алмайды. Сондықтан руханияттың өзекті саласының бірі – көркемсуретті өркениет талаптарына сай өнегелеуге міндеттіміз.