Бұл – сынақ ретінде қолға алынған жоба. Оған Кёнгидо провинциясындағы 50 компания қатысады. Жұмыс аптасы қысқарғанда, жастардың отбасына көңіл бөлуге уақыты көбеюге тиіс. Қазір аталған мемлекетте демографиалық дағдарыс ушығып барады. Бала туу көрсеткіші төмендеп кеткен. Жастар мансап қуып, сәбилі болуға асықпайды. Осыған байланысты билік отбасын құруға ынталандыратын арнайы бағдарламаларды қолға алып жатыр. Тіпті жалғызбасты жандарға кездесу ұйымдастырады. Егер қарым-қатынасын жалғастыратын болса, оларға ақша төлейді. Бұдан бөлек, баспана сатып алу, үй жалдап тұруға да қаржылай көмек бар.
Астанадағы Диснейленд
Елордада «Жібек жолы» деп аталатын ауқымды әрі тартымды ойын-сауық кешені салынбақ.
Жаңа жобаға 10 млрд доллар көлемінде инвестиция тартылады. Ал ауданы 400 гектардан асады деп жоспарланып отыр. «Астана қаласы әкімдігінің Astana Invest кеңсесінде басқарма төрағасының орынбасары Орынбек Қуаныш «Ulkenbay» компаниясының өкілдерімен кездесті. Жиында Шанхай қаласындағы Диснейлендке ұқсайтын аттракциондар паркінің құрылысы бойынша ауқымды жоба талқыланды. «Жібек жолы» деп аталатын ойын-сауық кешені Қазақстан мен Қытай мәдени ерекшеліктерін үйлестіретін болады», делінген «Астана архитектура» парақшасында.
Жұмбақ дыбыс анықталды
Теңіз толқындары көптеген жұмбаққа толы, соның ішінде «Биотванг» атты механикалық сипаттағы ерекше дыбыс ғалымдарды ұзақ уақыт қызықтырған құбылыс болды.
Бұл ерекше дыбыс 2014 жылы Тынық мұхитының батыс бөлігінде тіркелді. Содан бері оның қайдан, қалай шығатыны беймәлім болып келген еді.
Жақында ғана Америка ғалымдары Мариана шұңғымасындағы сол бір тылсым дыбыс киттің дауысы екенін анықтады. Айта кетейік, зерттеушілер осы шешімді жасанды интеллектінің көмегі арқылы тапқан.