Қоғам • 02 Қыркүйек, 2019
Барша адамзат дамуының шамшырақ тұлғасы және ел мен елдіктің, білім мен біліктің ұйытқысы – ұстаз. Әлемдік деңгейде – педагог, өз ұстанымызда ұстаз ұғымының сипаты, мән-мағынасы қашанда айқын: ол – мазмұны бірыңғай ізгіліктен ғана тұратын кәсіп, ол – ұрпақ пен ұлтқа, адамзат пен болашаққа арналған өмір сүру салты. Тіпті дүниенің асылын іздеп тауып, соны өзгеге үйретпекке ұмтылған жан қалауы.
Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2019
Ақкиізтоғайда керемет кітапхана бар
Қазір «кітаптан алшақтап кеттік, көркем әдебиет оқылмайды» деген пікір жиі айтылады. Бірақ Атырау облысы Жылыой ауданындағы Ақкиізтоғай ауылының тұрғындары бұл сөзбен келіспейді. Олар үшін кітаптан құнды қазына жоқ. Теледидар да, интернет те, тіпті ешқандай өркениет те қағаз кітаптың орнын баса алмайды, дейді. Сондықтан да болар, алақандай ауылдың үлкен-кішісі руханияттың құтханасына айналған кітапханаға жиі бас сұғады.
Қоғам • 02 Қыркүйек, 2019
Қазақ әліпбиін латын графикасына көшірудің алғышарттары
Әліпби халықтың мәдени болмысын аңғартатын айғақтардың бірі. Өйткені мәдени мұра, мәдени жәдігерлер әліпбиде сақталады, әліпби арқылы келесі ұрпаққа жетіп отырады. Қай әліпбидің де осындай тарихи мақсатымен бірге оның заманауи міндеттері болады. Президент осы реттен келіп: «Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты» – деп, бұл әліпби қоғамымыздың жаңа кезеңдегі ең қажетті таңдауы екендігін айтты.
Қазақстан • 02 Қыркүйек, 2019
Қорықшы қаза тапқан қылмыстық іс қайта тергеледі
Табиғат қорғау инспекторы Ерлан Нұрғалиевтің өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алдын ала тыңдалым өтті. Нәтижесінде іс жан-жақты зерттелмегендіктен және дәлелдер жеткіліксіз болғандықтан, қайта тергеуге жіберілді.
Қоғам • 02 Қыркүйек, 2019
Дүниенің кең екені белгілі. Галактикаларды былай қойып, өзіміздің Жер планетасын алсақ, әлі қаншама игерілмеген жерлер бар. Тіпті Қазақстанның өзінде әлі де көптеген жерлер адам игілігіне аспаған күйінде бос жатыр. Егер пойызбен немесе кез келген автокөлік түрімен Нұр-Сұлтаннан Алматыны бетке алып шықсаңыз, ілеуде бір кездесетін қалалар мен елді мекендер, көзге шалынатын егістік алқаптар болмаса, жалпы даланың бос жатқанын байқайсыз. Әрине бұл жерлер мал жайылымдары саналатыны және теміржолдың бойындағы әрбір жер телімінің иесі бар екені белгілі. Бірақ сөйте тұра ауқымды бөлігінде тіршілік белгісі байқала бермейді. Жайылып жүрген малдың өзі сирек кездеседі.