Қоғам • 27 Қыркүйек, 2023
«Bolashaq» түлектері неліктен кәсіпкерлікті қолдайды?
«Bolashaq» Халықаралық стипендиясы стипендиаттарының қауымдастығы 20 жылдан астам тарихы бар еліміздегі ең табысты қоғамдық ұйымдардың бірі және әлемнің жетекші жоғары оқу орындарын президенттік стипендиямен бітірген 14 мыңнан астам стипендиаттың мүддесін қорғайды.
Елорда • 27 Қыркүйек, 2023
«Жасыл Астана» экологиялық айлығы
Айналасының тазалығына бейжай қарамайтын, қоршаған ортасының көркейіп құлпыруына бейілді азаматтардың көбеюімен қоғамда экологиялық мәдениеттің қалыптасуы беки түседі. Осынау үлгілі үрдістің бір көрінісі елордада өтіп жатқан «Жасыл Астана» экологиялық айлығынан байқалып, көңіл қуантты. Аталған айлықтың алғашқы аптасында-ақ қоғамдық іске 66 мыңнан аса қала тұрғыны атсалысты.
Экология • 27 Қыркүйек, 2023
Өзіңіз тұратын ауыл не қаладан сәл сыртқары шықсаңыз, шашылып жатқан қағаз қалдықтарынан, пластик бөтелкелерден және т.б. қоқыстан көзіңіз сүрінер еді. «Асырып айтылды» десеңіз де, еркіңіз. Бұған қоса жер-жерде үйіліп жатқан тұрмыстық қалдықтар ше? Осының бәрі сайып келгенде туған табиғатқа деген жанашырлықтың жоқтығын айғақтайды, экологиялық мәдениетіміздің төмендігін танытады.
Жануарлар • 27 Қыркүйек, 2023
Жезкиік, біздің жаққа бекер келдің...
Ғылымда «мамонттардың замандасы» саналатын, ал қазақтар ежелден кие тұтатын ақбөкендер – қазір әлем бойынша жойылып бара жатқан жануардың қатарында. Әйткенмен біздің елде киік саны 2 миллионға жетіп қалды.
Спорт • 27 Қыркүйек, 2023
Кеше еліміздің мерген қызы Әсем Орынбай Азия ойындарында екі медальға ие болды. Спортшы стенд атудан командалық сайыста алтын жеңіп алса, жекелей жарыста қола жүлдегер атанды. Әсем Азия ойындарындағы жетістігінен кейін сұхбат беріп, алған әсерімен бөлісті. Спортшы алтын үшін бар күш-жігерін салғанын айтты.