Білім • 03 Қыркүйек, 2024
Париж Олимпиадасының жүлдегерлері тегін гранттарға ие болды
Қазақ спорт және туризм академиясы Париж Олимпиадасының күміс және қола жүлдегерлеріне тегін грант берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Театр • 03 Қыркүйек, 2024
Жастар театрының гастрольдік сапары
Ашылғанына небәрі алты ай болған Атырау жастар театры Астана қаласына гастрольдік сапармен келді. Конституция күні аясында өткен сапар барысында өнер ұжымы елордалық көрерменге Мұқанғали Томановтың авторлығы және режиссерлігімен «Жәннат», Бердібек Соқпақбаевтың повесі бойынша дайындалған «Менің атым Қожа» қойылымын ұсынды.
Көрме • 03 Қыркүйек, 2024
Конституция күні қарсаңында Петропавл қаласында «Ботай» арт-галереясының салтанатты ашылуы өтті. Өңірдің мәдени өміріндегі айтулы оқиғаға облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Күміс Сейітова, белгілі суретшілер мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Аталған жобаның авторы әрі ұйымдастырушысы – Суретшілер одағының мүшесі Болат Әсербеков.
Туризм • 03 Қыркүйек, 2024
Туризмді дамытуға арналған тренинг
Жуырда Ұлытау аулында жергілікті туризмді дамытуға бағытталған бірқатар іс-шара ұйымдастырылды. Атап айтсақ, Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мен БҰҰ ДБ-ның «Тұран жолбарысын реинтродукциялау үшін жағдай жасау және Ұлытау тау жотасының табиғи және тарихи-мәдени нысандарын қорғауға көмектесу» жобасы аясында тренинг өтті. Алқалы жиынға жергілікті қоғамдастық пен сарапшылар қатысты.
Спорт • 03 Қыркүйек, 2024
Күрестен әлем чемпионаты: Қазақстан қоржынына екі қола жүлде түсті
Испанияның Понтеведре қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына екі медаль түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.