Спорт • 03 Қыркүйек, 2024

Күрестен әлем чемпионаты: Қазақстан қоржынына екі қола жүлде түсті

43 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Испанияның Понтеведре қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына екі медаль түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Күрестен әлем чемпионаты: Қазақстан қоржынына екі қола жүлде түсті

Грек-рим күресінен 55 келіде сынға түскен Айбек Айтбеков өз салмағында үздік үштікке енді. Айбек кіші финалда молдовалық Максим Сармановты 10:1 есебімен жеңді. Бұл салмақта алтынды Иран, күмісті АҚШ балуаны иеленсе, тағы бір қола жүлде ресейлік Әлібек Амировтің еншісінде.

87 келі салмақта сынға түскен Темірлан Тұрдақын да әлем чемпионатында үздіктер қатарынан көрінді. Қола медаль үшін күресте Темірлан армениялық Рубен Геворгянды жеңді. Тағы бір қола медальді Грузия балуаны иеленген.

Еске салайық, бүгін тағы екі қазақстандық балуан әлем чемпионатының финалына шыққан еді.

Соңғы жаңалықтар

Өңір және Жолдау жауапкершілігі

Аймақтар • Бүгін, 08:15