Ұзақбай ҚАРАМАНОВТЫҢ жақындарына көңіл айтты
Қазақстан жұртшылығы ауыр қайғыға ұшырады. 81 жасқа қараған шағында Қазақстан Республикасының белгілі саяси және мемлекет қайраткері Ұзақбай Қараманов дүние салды.
Хоккей • 26 Қыркүйек, 2017
«Құлагер» – Қызылжардың мақтанышы
Елімізде шайбалы хоккейдің дамуы өткен жылдардың 50-ші жылдарынан басталады. Осы кезеңде Петропавл қаласында «Металлист», «Авангард» командалары жасақталып, ел біріншіліктерінде өнер көрсетті. Топ жарып, жүлдегерлер қатарынан көрінбесе де, маңайына спортқа бейім жастарды топтастырып, шеберліктерін ұштауға, тәжірибе жинақтауға айтарлықтай ықпал етті. Олардың арасынан жасындай жарқылдағандары Ресейдің мұз айдындарында атой салды. Алайда, әртүрлі себептерге байланысты командалар тарап кеткеннен кейін хоккей десе ішкен асын жерге қоятын жанкүйерлер отыз жылға жуық спорттың осы түрінен көз жазып қалды. Тек 2015 жылы мамырда облыстың сол кездегі әкімі Ерік Сұлтановтың тікелей қолдауымен құрылған «Құлагер» хоккей командасы солтүстікқазақстандықтардың су сепкендей басылған үміт отын қайта тұтатқандай болды. Расында да сенім алдамапты. Айналасы екі жылдың ішінде биік белестерді бағындырды. Ол жайлы команданың бас бапкері Вячеслав БЕЛАН бізге әңгімелеп берді.
Аймақтар • 26 Қыркүйек, 2017
Демалыс күндері Іле Алатауының баурайын дүркіретіп, жылқы десе делебесі қозатын қазақтың қанын қыздырған асыл тұқымды сәйгүліктердің ІІ Халықаралық KazEqui-2017 көрмесі өтті. Жыл сайын әлемнің бес құрлығында мұндай шоулардың 120-ға жуығы өтіп жатады.
Кино • 26 Қыркүйек, 2017
Құрамына үздік отандық кино және телевизия қызметкерлері мен кино өнерінің дамуына, танылуына үлес қосқан шетелдік кинематографистер кіретін «Ұлттық кинематографиялық өнер және ғылым академиясы» қоғамдық бірлестігі тағайындаған ұлттық «Тұлпар» киножүлдесін табыстау рәсімі биыл екінші рет өткізілді.
Әдебиет • 26 Қыркүйек, 2017
Қазақстанның Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның – Шерағаңның тосыннан түсірілген бұл суреті оқырманын бей-жай қалдырмасы анық. Ел алдында жүрген, халықтың сөзін сөйлеген қоғам қайраткерінің өмірінің әр қырын, әр сәтін әдемі бейнелейтін суреттер көп-ақ. Бұл сурет те соның бірі. Алайда бұл фотоның ерекшелігі сол – сөз мергені Шерағамыз спортшы-мергеннің тұғырында нысана көздеп қасқайып тұр.