Қаржы • 06 Қыркүйек, 2022
S&P Global Ratings Қазақстанның тәуелсіз несие рейтингі бойынша болжамды қайта қарап, оны (рейтингті – ред) «Тұрақтыдан» «Жағымсызға» ауыстырды. Негізгі себеп – Қазақстан мұнайының 80 пайыз экспортын қамтамасыз етіп отырған Каспий құбыр консорциумы (КТК) бойынша туындап отырған тәуекелдерге байланысты. Аналитиктер Украинадағы соғыс салдарынан туындаған геосаяси қысым КТК құбыр желісі жұмысының қайта-қайта тоқтап қалуына себеп болып жатыр деп есептейді.
Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2022
Қытымыр қыстың сынынан сүрінбеу үшін...
Өңірде қысқа дайындық жұмыстары алдын ала жоспарланған кесте бойынша жүргізілуде. Қазіргі күні жалпы нысандардың дайындығы өрмек жүзінен ауған. Қарастырылған қаржы көлемі толық игерілуде.
Қоғам • 06 Қыркүйек, 2022
Бір жапырақ қағазға жазылған соңғы сөз. Екі дүниенің арасындағы шешуші сәт. Үш ұйықтаса түсіне кіріп көрмеген мәжбүрлі шешім. Төрт құбыласы түгел болмағандықтың салдары. Бес күн жалғандағы бақытсыздық. Алты банктен алған несие. Жеті жастағы ауру баласының жан қиналысы. Сегізінші қабат. Қош бол, өмір...
Медицина • 06 Қыркүйек, 2022
Қызылорда қаласында А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургиялық орталығының мамандары тұрғындарға диагностикалық кеңес бердi. Облыс орталығындағы №3, 6 емханалар мен ALEXEY SULTAN-AKHMET клиникасында хирург, онколог, гепатолог, уролог, эндокринолог, анестезиолог-реаниматолог дәрігерлер қабылдау жүргіздi.
Медицина • 06 Қыркүйек, 2022
Трансплантология: 3,5 мыңнан астам адам ағза ауыстыруға зәру
Осыдан он шақты жыл бұрын Қазақстанда қолға алынған алғашқы ағза ауыстыру операцияларын елге бірінші болып сүйіншілегеніміз есте. Осы аралықта отандық трансплантологтар жақсы тәжірибе жинақтап, талай науқастың өмірін ұзартқанымен, қай елді алсақ та мәйіттік донор мен ағза алмастыруға қатысты мәселе әлі де бар және бола да бермек. Бұл бір жағынан діни ұстанымдардан туындайтын шарттар болса, келесі қыры медицина мүмкіндіктері мен трансплантологиялық технологиялардың дамуына тәуелді.